Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті [ Добавить материал ]

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (101.0Kb) ] 15.11.2013, 23:04

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті

 

 

17 ғасырдың музыкалық мәдениеті.

17 ғасыр операсы.

Музыкалық мәдениет тарихында 17 ғасырды шекара ретінде қарастыруға болады : онда алдағы ғасырлардағы өнер шоғырланды, және бұдан былай жаңа музыкалық жанрлар мен түрлер бас алады. 17 ғасырда шіркеу және сарай музыкасының ұзаққа созылған бөлінісі, салалануы аяқталып, опера жанрының тууы осымен тығыз байланысты.

Опера – синтетикалық өнер түрі – театр, поэзия, би, музыканы біріктірген. Опера ықпалы 17 – 18 ғғ. музыкалық шығармашылығына тарады. Оның ішінде аспаптық музыканың жаңа жанрлары пайда болды : увертюра, оркестрлік және балеттік сюита; симфонияда операға драматургия және бейнелер мінезімен ұқсас боп қалыптасты. Тіпті діни музыкаға – оратория мен кантатаға – опералық формалар, вокалдық стильдің концерттігі мен композиция принциптері енді. Опера әрқашанда қауымдық талғамдар, көңіл, керектіктерге сергек елеулеп отырған. Тарихтағы сыну кезеңдерінде, ескі ойлар мен жаңа бағыттардың күрестері саяси - әлеуметтік сипатқа ие болғанда опералық сұрақтар аса актуалды болған.

 

Итальяндық опера

Ренессанс өнерінің жайқалып гүлденуінен көп жеміс көрген Италия операның туған жеріне айналды.

Операның қалыптасуына 16 ғасырдың нитенсивті музыкалық мәдениеті ықпал етті: сарайлық музыка орындау дамыған формалары, музыкалық – театрлық жанрдың, яғни пасторальдың дамығаны, әнге деген құштарлық. Өзінің аса бай көркем мәдениетімен әйгілі Флоренция опералық өнерінің алғаш бесігіне айналды.

 

Флоренция мектебі. Тарихқа меценат Джовани Барди және оның досы Якопо Корси басқарған ақындар,музыканттар, ғалымдар және өнер сүйерлер тобы (camerata) енді. Камерата қатысушыларын сол кездің художниктері мен ақындарын толғандырған антиканы қайта өркендету идеясы қызықтырды.

Ринуччини. Пери. Каччини. Флоренциялық операның негізін қалаушылар – Оттавио Ринуччини (Тассо оқушысы, 1562 - 1621), музыканттар Якопо Пери (1561 - 1633) және Джулио Каччини (1548 - 1618).

Алғашқы опера «Дафна» Ринуччини текстімен және Пери музыкасымен Флоренцияда Корси үйінде 1594 жылы қойылған.Бірақ оның партитурасы сақталмаған.

Бізге жеткен опералардың біріншісі - Орфей жайлы антикалық миф сюжетіндегі «Эвридика» операсы. Оның авторлары – ақын Оттавио Ринуччини, Якопо Пери композиторы болып табылады. Флоренциялық операда ән кішігірім аспаптық ансамбльмен сүйемелденді,увертюра болған жоқ.Трубалық фанфарлар назар аудартып операның басталуын жариялаған. Хор мұнда Құдайлардың жазғанын жеткізуші ғана емес музыкалық –драматикалық әрекеттің қатысущшысы ретінде саналған.

Джулио Каччини 1600 жылы осы сюжетке «Эвридика» деген жаңа опера жазды. Ол вокалда виртуоздық пен түрлілікті талап етті.

 

Римдік мектеп. Ерте итальяндық операның басқа центрі рөлін Рим атқарды. Римде опералық театрын қалыптастыру жұмыстарын Барберини жанұясы атқарған, олар сегізінші папа Урбанмен туыс болған. Римдік опералардың сюжетінде христиандық идеаларды тарату орын алған. Римдік мектептің гүлдену кезі 1620 – 1640 жж. Флоренциялықтардың жетістіктерін қорытындылап римдіктер операны жаңа деңгейге жеткізді, композицияның біртұтастығы пайда болды, хорлар мен ансамбльдерді сололық ән айтудық жаңа формаларымен алмастыра отырды – ариозо мен ариялар, ал речитативті иілгіш етіп, турлендіре түсті.

Римдік опералық мектепке Стефано Ланди шығармашылығы сай. 1632 жылы Барберини театрында қойылған оның «Св. Алексей» операсы шулы сәттілікке шалынды. Сюжет мақсаты - христиандық момындық пен тақуа болуға үндеу. Бұл шығарманың драматургиясында жмаңызды жаңалық – комедиялық элементтерді енгізу. Бұл опера ішіне халық музыкасының және халық әуендерінің енуіне жол ашты. «Св. Алексей» операсында оркестрге көңіл бөлініп, әр акт алдында кіріспе орындалды. Римдік шығармаларының ең көрнектісі боп Лоретто Витторидің (1588 -1670) «Галатея» операсы саналады.

Клаудио Монтеверди. 17 ғасырдың музыкалық мәдениетінде аса көрнекті орын ұлы итальяндық композитор Клаудио Монтевердиге беріледі. Мотевердидің алғашқы опералары Мантуяда пайда болды: «Орфей» 1607 жылы, «Ариадна» 1608 жылы. Флоренциялық композиторларға қарағанда, вокалдық полифония мастеры - Монтеверди – полифонияның шынайы эмоционалды қасиеттерін бағалаған.

Ұлы жаңашыл, Монтеверди музыкалық драманың алғашқы жаратушысы.

Оның көптеген операларынан бізге аз бөлігі ғана жетті. Ерте мантуандық кезеңнің «Орфей» операсы тұтас сақталып, «Ариаднаны» бір үзіндісі, «Ариадна жылауынан» ғана танимыз.

Венециандық кезеңнен екі соңғы операсы сақталды: «Возвращение Улисса» (1641) және «Коронация Поппеи» (1642). Монтевердидің Торквато Тассоның «Освобождение Иерусалима» сюжетіне негізделген «Поединок Танкреда и Клоринды» деген әйгілі шығармасын 1638 жылы автор өзі басып шығарды.

 

Опералық драматургия принциптері. Монтеверди флоренциялықтар сияқты музыканың сөзбен тығыз байланысын түсінген. Бірақ флоренциялықтар сөйлеуге жақын монотонды, речитативті музыка жазса, Монтеверди кең сілтеулі, әсем әуендер шығарды.Оның музыкасы поэтикалық образдың драматикасын аша алады.

Монтеверди жолы флоренциялықтардың аллегориялық, мифологиялық сюжеттерінен тарихи драма реализміне қарай жатыр.Оларда қазіргі замандағы венециялық мінездер мен өмір жасырын түрде берілген. Ондай драма – «Коронация Поппеи».

Бұл шығарма күшті, айқын қарама – қайшылықтарға негізделген. Драматургия, мінездер шындығы мен күші Монтевердиді ұлы замандасы – Шекспирмен салыстыруға себеп.

Монтеверди көп жаңалықтар енгізді: ерте шақтағы операларында Монтеверди оркестрге қырықтан астам аспап қатыстырды. Виолалар орнына скрипкаларды қолданды. Ішекті топты клавесинмен қосу (чембало) жаңаша оркестрлеудің негізі болды. Кейінгі кезде Монтеверди оркестрді қысқартып, оның мәнерлеу қабілетін арттыру үшін tremolo, pizzicato әдістерін пайдаланады.

Опералық жеке ән салу арнасында Монтеверди экспрессия мен ашық эмоционалдықты енгізді. Мысалы, әйгілі «Плач Ариадны». Монтеверди тапқан ария стилі – lamento – 17 ғасырдың опералары мен ораторияларына тез еніп кетті. Монтевердидің опералық драматургиясының негізгі принциптері кейінгі шығармаларда қалыптасты («Коронация Поппеи» ) , оларды кейін Алессандро Скарлаттидің бастауында көптеген композиторлар ұстанған болатын.

 

Венециялық мектеп. 17 ғасырдың ортасына қарай опералық өнердің центрі Флоренция мен Римнен Венецияға көшті.

Шулы порттық қаланың өмір салты мәдениетке әсер етпей қоймады, көркем өмірде сәулеленіп отырды. Флоренциядағы және Римдегі бай меценаттардың, патрицийлердің сүйген операсы Венецияда аристократтардың залдарынан бәрінің қолдары жететін қалалық театрларға көшті.

1637 жылы Сан – Касьянода алғашқы қауымдық опералық театр ашылған болған. Оның үлкен сәттілігі басқа театрлардың ашылуына күшті серпіліс берді. Ал опералар болса қарапайым халыққа арналып жазылды, сондықтан әрқайсысында күрес сахналары, ұйысқан махаббат хикаялары, құдайларға үндеулер арнайы эффекттермен әшкереленіп қолданылған.

Байыпты опералардың арасына күлкілі сахналарды орнату жаңа дәстүрге айналды. Бұдан кейін опера buffa деп аталатын жаңа демократиялық музыкалық – театрлық жанр өсетін болды.

Халық мәдениетіне жақындау венециялық композиторлардың музыкалық тілін демократизациялай түседі, олар баркарола халық ән жанрын махаббатпен қолданған. Опера өнерінің венециялық кезеңі драматикалық ән салудың гүлденуі де, және музыкалық драманы костюмдегі концертке айналдырған эволюцияның басы.

Кавалли. Чести. Көптеген венециялық композиторлардың арасында Франческо Кавалли (1602 – 1676) және Марко Антонио Чести (1623 - 1669) ерекшеленеді.

Кавалли жеке ән салудың түрлі формаларын шеберлікпен дамытты. Оның речитативтері мен драматикалық сценалары Монтевердидің өзінен қалмайды.

Опералық өнерді демократизациялау үстінде Ковалли Монтеверді құрған байыпты, биік драматикалық стильді ұстанды. Европаға кең тараған парадты сарай операсын шығарған келесі венеция театрлық қызметкері, Марко Антонио Чести басқа ұмтылыстарымен әйгілі. Ол драматикалық жүрісті тоқтатқан, одан мүлдем тыс концерттік жоспардағы бітеу арияларды ойлап шығарды.

Вендік императорлық сахна үшін ол Парис және Елена жайлы өзінің ең әйгілі операсын жазды – «Золотое яблоко».

Чести шығармашылығы жаңа бағыт белгісі, яғни музыкалық драманың «опера - концертке», «виртуоздарға арналған» операға айналудың көрсеткіші ретінде.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin
Просмотров: 989 | Загрузок: 346 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]