Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Оралхан Бөкей Тортай мінер ақ боз ат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (339.1Kb) ] 09.01.2015, 17:48

Шығыс Қазақстан обылысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ІІ санаттағы жоғары білімді
Қалмақбаева Гүлназ Ернатқызы
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оралхан Бөкейдің өмірі  мен шығармашылығымен танысу. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.
2. Дамытушылық. Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорыту, жинақтау.
Сабақтың әдісі: жүйелеу, салыстыру, іздендіру
Пәнаралық байланыс: тарих, қаза тілі
Көрнекілігі: мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.    «Жусан исі» повесіндегі Аянның ертегісін аяқтау
2.    «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқу
ІІІ. Жаңа тақырып.
Өзгеше біткен қазақтың,
Өнерпаз ұлы дара бір.
Жасадың ғұмыр аз – ақ күн,
Жасамай елу және бір... 
-    Балалар, біз осы оқу жылында еліміздің түкпір түкпірінде туып өскен ақын-жазушылармен таныстық. Өз туған өлкемізде туып өскен жерлес ақындарымызбен де таныстық. Соның бірі – Оралхан Бөкей. 
-    «Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айырылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ»                                                            
 О. Бөкей 
Жерлесіміз, жазушы Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей, анасы Күлия, қарындастары Ғалия мен  Мәншүк.
 
-    Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі: Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау.
-    Шығармалары: 
“Қамшыгер”, “Үркер”, Қайдасың, қасқа құлыным”, “Шара”, Елең-алаң, “Мұзтау”, “Ән салады шағылдар”, “Үркер ауып барады”, “Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”, “Өз отыңды өшірме”, “Біздің жақта қыс ұзақ”, “Атаукере”, “Қар қызы”, “Зымырайды поездар”, “Жау тылындағы бала”, “Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”, “Құлыным менің”, “Жақсының ізі”. 
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.
1.    Әңгімені жоспарлау: 
1.    Салықсалған ауылы
2.    Соғыстан кейінгі бейбіт өмір
3.    Тортай
4.    Ертегіші Тортай
5.    Тортай мінер ақ боз ат... 
2.    Сөздікпен жұмыс.
Күлтеленген – жібек пен қыл тәрізді заттарды тегістеп шоқтау, біркелкі етіп кесу. Күреңсе – саздау жерге шығатын шабындық шөп. 
Жемтір-жемтір – жұлма-жұлма. 
 Кеспелтек – жуантық келген қысқа 
3.    Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар.
1.    Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай?
2. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?
3. Тортайдың  жеке басының  арманы не?  сол  үзіндіні әңгімеден тауып оқы. 
4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
6. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?
7. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?
8. Ол таскүркеде  қандай  кітап  оқыды ? 
9. Әңгіменің  соңында  лирикалық  кейіпкер  қандай  шындық  айтады?
10. Тортай неге арманына жете алмады?
4. «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа берілген тапсырмаларды тез тауып жазу керек.
І топ. 1. Мәтіннен дефис арқылы жазылған шылаулары бар 
    сөйлемдерді табыңыздар.
2. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздері бар сөйлемдерді дәптерге жаз.
ІІ топ. 1. Одағай бар ма ?  Қай сөйлемде қандай мәнде қолданылған?
2. Мәтіннен эпитет, теңеу, мақал-мәтел фразеологизмдерді табыңдар?
Эпитет -  заттың айрықша белгілерін, қасиеттерін білдіретін сөздер.
(жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)
Теңеу – заттың, не құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру. (табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару)
Мақал-мәтелдер – Мақалда ой ашық, нақты, тура айтылады, мәтелде – ой тұспалдап, астарлап меңзеп жеткізеді. (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана»)
Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. (қой аузынан шөп алмас – момын, жуас, ит басына іркіт төгілу- молшылық, қыздың жиған жүгіндей – сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)
ІІІ топ. 1. Әңгімеде ауыл өмірі қалай суреттеледі? Әңгімеден тауып оқы.  
2. Қандай өзен, тау  аттары кездеседі ?

5.Тортайға мінездеме беру. Топтастыру.

 

 


6.    Венн диаграммасы. 
“Жусан исі” повесі
Аян    “Тортай мінген ақ боз ат”
Тортай


    
Ұқсастығы


7.    Инсерт кестесі. 

8.    Білетінім     9.    Мен үшін жаңалық    10.    Мені таң қалдырды
11.        12.        13.    
ІV. Бекіту. “Ортаға салу” 
Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге өскен досы – Тортай амандасқалы келгенде, шыға алмағады. Осы іс-әрекеті дұрыс па? 
 Бекіту сұрақтары: 
1. Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
2. Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме?
3. Тортай неге арманына жете алмады? 
4. Оралхан Бөкейдің бұл әңгімеден басқа қандай әңгімелерін оқыдыңдар?
V.  Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Әбіш Кекілбаевтың сөзімен түйіндесек:   
“О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”.
  Үй тапсырмасы:  1. “Әңгімені қалай аяқтар едіңіз” шағын ой-толғау.
2. Марат Қабанбаевтың “Бауыр” әңгімесін оқу.  


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1371 | Загрузок: 187 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]