Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Ондық бөлшекті дөңгелектеу ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (17.7Kb) ] 19.01.2015, 21:07

Сынып 5

Пән: математика

Сабақ

Мерзімі: 17.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті дөңгелектеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшекті дөңгелектеу тақырыбын қайталай отырып, осыған дейін алған білімдерінді қорытыңдылау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының  ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі:Сайыс.

Әдіс тәсілдері: есептер  шығару , сұрақ –жауап.

Пәнаралық байланыс: информатика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары,  интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар.

 

САБАҚ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу, түгендеу. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.

Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Математика тарихынан қосымша материал: Қазақстанның Мұхтарбай Өтелбаев, Әлімхан Әбеуұлы Ермеков, Асқар Жұмаділдаев, Улбай Өмірбаев сияқты ғұлама ғалымдарымыз бар екен. Осы ғалымдарымыз туралы кішкене дайындаған мәліметтерімізді айтып өтейік.

 

Сабағымызды қай топ шапшан ойынымен жалғастырайық.

Алдарында әр-түрлі қағаздар, желім және қайшы тұр. Солармен әр топ бірлесіп алқа жасайды. Қай топтың шапшан әрі тез екенін анықтайық.

 

Кім тапқыр ойыны.  

1 тапсырма. Ондық бөлшектерді дөңгелектеңдер:

1 топ.
1) ондықтарға дейін: 1685; 913; 646;
2) жүздіктерге дейін: 386; 617; 2885;
3) мыңдықтарға дейін: 77658; 6480; 11761;

2 топ.

1) ондықтарға дейін: 2369; 896; 245;
2) жүздіктерге дейін: 258; 325; 2569;
3) мыңдықтарға дейін: 55784; 1426; 25456;

3 топ.

1) ондықтарға дейін:2548; 361; 354;
2) жүздіктерге дейін: 912; 658; 4152;
3) мыңдықтарға дейін: 98125; 5418; 65248;

2 тапсырма. Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:

1 топ.
1) 2, 4* ≈ 2, 5;
2) 9, 35* ≈ 9, 35;
3) 14, 67* ≈ 14, 68;

2топ.
1) 4,8*≈4,8;

2) 6,75*≈6,76;

3) 25,66*≈25,66;

3 топ.

1) 2,8*≈2,9;

2) 3,52*≈3,53

3) 26,11*≈26,11;

Сергіту сәті

3 тапсырма.

1топ.

Жердің радиусы 6371 км. Марс планетасының радиусы Жкер радиусының 0,53-іне тең. Марс планетасы радиусының ондық үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.         Жауабы: 6371*0,53=3376,63≈3376,6

2 топ.

Эскалатордың ұзындығы 150м. Ол жолаушыны 3,2 минутта жоғарғы қабатқа көтереді. Эскалатордың жылдамдығының ондық үлестерге дейінгі дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Жауабы: 150/3,2=46,875≈46,9

3 топ.

Қазақстандағы ауданы жағынан ең үлкен облыс-Қарағанды облысы. Оның ауданы 428 мың кв.км. Қарағанды облысының ауданы шамамен неше жүз мың квадрат километр?

Жауабы: 428мың кв.км≈400мың кв.км

 

Бекіту.

Санды дөңгелектеу дегеніміз не? Мысал келтіріңдер:
Сандарды дөңгелектеу ережесі қалай тұжырымдалады?

Санды дөңгелектегенде, сан қандай мәніне ие болады?

 

Рефлексия

Не білемін

Не білдім

Не білгім келеді

 

5) Үйге тапсырма. № 1195

6)  Сабақтың қорытындысы: сабақты талдау, бағалау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 2011 | Загрузок: 538 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]