Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Әнші ақындар шығармашылығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.01.2015, 23:05

Мукушева Лаура Мадияровна

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ШҚО Шемонаиха қаласы

№5 жалпы орта білім беретін мектеп

 

10 сынып

 

Пән: қазақ әдебиеті

Тақырып:   Әнші ақындар шығармашылығы

Оқыту мен  тәрбиелеудің міндеттері:

 

  1. Білімділік- өткен  тақырыптар  бойынша оқушылардың білімін  толықтыра  отырып,ақындар  туралы  ойларын нақтылау.

 

  1. Дамытушылық: Әр түрлі  стратегиялар бойынша ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген  ынталарын арттыру,білімдерін кеңейту.

 

  1. Тәрбиелілік: Оқушының өз ойын  тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға,шығармадағы кейіпкерлер бейнесі арқылы  адамгершілікке,мейірімділікке,т.б. тәрбиелеу.

 

Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер: 10 сыныптың Қазақ әдебиеті және хрестоматия оқулықтары.

 

Сабақтың түрі: Нәтиже  сабақ

Сабақтың жүргізілу әдісі: сұрақ-жауап, талдау,іздену, мағынаны тану,түсіндіру,

 

Көрнекті құралдар: мультимедиялық слайд, үлестірмелі карточкалар,сызба-нұсқалар.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды психологиялық  жағынан дайындау.Сабаққа дайындықтарын  тексеру.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Сабаққа деген қызығушылықтарын  ояту.

 1-тапсырма.Хронологиялық кесте толтыру.Мақсаты- оқушылардың ізденімпаздығын,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

     2-тапсырма. Түсініктеме  күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдеріне талдау  жасау.Мақсаты- оқушылардың шешендік өнерін,ой ұшқырлығын анықтау.

3-тапсырма.Ақан сері Қорамсаұлының «Жақсы мен  жаман» өлеңін оқып,мазмұнын ашу, ұнаған шумақтарына  сатылай  кешенді талдау жасау.Негізгі мақсаты-теориялық ұғымдарды,ережелерді,шығармашылық зерттеулерді,қазақ тілінің сөз байлығын терең игеріп,сөздің ішкі  мағынасы мен қолданыс  ерекшеліктерін, ана тілінің құдіретін таныту.

4-тапсырма.Берілген өлең  шумағын  толықтыру.Мақсаты -оқушылардың ойлау қабілеттерін,дарындылықтарын  жетілдіру.

5-тапсырма.Тест-интервью бойынша  жұмыс.Мақсаты оқушылардың шығармашылық  ізденістерін,еркіндігін, сөйлеу мәнері мен тілін жетілдіру.

 

 

6-тапсырма. Әнші-ақындар әндерінен үзінді орындау.Мақсаты  оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын  ояту,өнерді  құрметтеу,талант иелерін тани  білуге баулу.

7-тапсырма. Сабақты қорытындылау.

10 сұрақтық тест  жұмысы.

Мақсаты

оқушылардың   оқулықтағы тақырып  бойынша  білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма беру: қорытынды  сабақ  бойынша  оқыған  ақындар  туралы  қандай  көркем  фильмдер немесе қойылымдар бар екенін ізеп жазып келесіңдер.Сонымен қатар  ақындарды  сомдаған актерлардың  аты-жөнін жазып  келу.

 

Бағалау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1512 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]