Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Махамбет Өтемісұлы туралы ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.01.2015, 23:17

Күні: 18.11.10 жыл

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

  «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»,  «Мұнар күн»

Мақсаты. 1.Білімділік: Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім

                     екендігін,оның шығармаларының

                     тақырыбын,мақсатын,тарихын аша отырып,

                     ақынды тағы да жаңа қырынан таныту,өлеңге

                     талдау жасатуды үйрету,өмірге,тарихқа

                      жаңаша көзқарас қалыптастыру,ақын өміріндегі

                      ұлтжандылықты ұғындыру;

                  2. Дамытушылығы: Оқулық пен қосымша деректерді

                      пайдалануға,өз ойларын еркін айтуға,өз пікірлерін

                      қорғап,ақын поэзиясын насихаттап,әдеби тілмен

                       сөйлеуге дағдыландыру;

                    3.Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа,батылдыққа,бірлікке,

                       туған жерін,елін,сүюге,қорғауға тәрбиелеу;

Түрі : Жаңа білімді игерту сабағы

Әдісі : Ой шақыру,ой қозғау,шығармашылық

           жұмыстар,талдау,мәнерлеп оқу;

Көрнекілігі: Ақынның портреті,тақырыпқа арналған слайд,

                   талдау кестелері;

Пәнаралық байланыс: тарих,саз пәні,қазақ тілі;

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру:1. Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысын

                             түгендеу;

                           2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ә) үй тапсырмасын сұрау.Берілген тақырыптар  бойынша сұралады.

   1.Махамбеттің балалық,жастық шағы;

   2.Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс;

   3.Исатай қазасынан кейінгі Махамбеттің өмірі;

   4.Махамбет туралы зерттеу жұмыстар;

(Оқушылардан үй тапсырмасын жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша сұрап,нақты жауап алуға жұмыстанамын)

Жаңа сабақ: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»,

                                «Жалғыздық», «Мұнар күн»

 I.  1731 жылдан бастап Қазақстан Ресейдің қол астына қарай бастады.Отаршылдық басталды.Қазақтардың жақсы жерлерін тартып алды.Қазақ халқының өз жеріне,өз еліне билік ету құқы болмады.Сондықтан қазақ халқы Ресей патшасына қарсы соғыс ашты.

Шаруалар көтерілісі

  1.  

1836-1838

1837-1847

                                 

 

1828-1829

Исатай-Махамбет       Кеңесары Қасымұлы

бастаған көтеріліс        бастаған көтеріліс


  Бөкей хандығында

көтеріліс басталды

  1.  

 

  «Ереуіл атқа ер салмай»
(Үш өлеңіне түсінік беру)

«Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді.1837 жылы жеді(қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң,далаға қонады.Күн суық боран екенДалаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй,жұмсақ төсек,қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай»деген өлеңінің құрылымы күрделі.Бұл өлең ақынды- эпик ақын ретінде таныта түседі Бірақ өлең құрылымы өте қысқа жазылған.Өлең мұңды да қайғылы,елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі.Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы  ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұратын,шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ,1 шумақ,17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.

Дауысты дыбыс-ассонанс,дауыссыз дыбыс-аллттерация

                                                            

Жалғыздыққа сәл бой алдырған кезең

«Мұнар күн» өлеңі

  «Жалғыздық» өлеңі                      

                       

         «Мұнар күн» ұғымдарын мұнартып көрінген сағымның пайда болуымен түсіндіруге болады.38 тармақтан,аралас ұйқасқа құрылған,

 8 буынды,3 бунақты өлең.Исатай өлгеннен кейін жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді. Бұл өлеңде буыршын мұзға тайған күн,бура  атанға шөккен күн,буулы теңді шешкен күн,Лашын қуға төнген күн,Қорашыл төбет болған күн т.б сөз тіркестері бар.Эпитеттер: «Бұрынғы бақыт тайған күн», «Буыршын мұзға тайған күн», «Мұнар күн», «Шұбар күн» т.б Бұл-елім деп еңіреген ердің бастаған ісінің жеңіліс тауып тұрған сәті.Күн-мұнар,бұлттан шыққан күн-щұбар.Бура атанға шөккен соң ақырзаман емей немене?Ақын жүрегі қан жылайды,күн де жылайды,дауыл теріс соғады.Хас бәйтерек жығылған,қылыш балдағынан сынған,дұшпанның көңілі тынған күн. «Буыршын» түйенің бір түрі, табаны бүртік келеді.Ол мұзға таймайды.Егер мұзға тайса жақсылықтың белгісі емес.

  Бұл өлең құрылымы өте қысқа жазылған. Исатай қазасынан кейінгі ақынның күйзеліс кезінде жазған жырлары.16 тармақ,шұбыртпалы ұйқасқа құрылған,8 буынды өлең. Бұл өлеңде күн мен түн,жалғыздық пен қауым,әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.Күн мен айдың жұбын негізге ала отырып,ақын басына түскен трагедиялық жағдайды толық қарама-қайшылық сипатта көрсетіп,оның табиғи қырын ашады.Күн мен түннің ауысуы,жарық пен қараңғылықтың болуы –тіршілік заңы.Ақынның ұтқаны- кеңістік атауларын алып,оның мәні мен маңызы  арқылы жүрегінің сырын ашуы еді.Өлең соңы

«Бәрін айт та,бірін айт,

Қаумалаған қарындас,

Қазақта бар да менде жоқ» деп аяқталады. Рабиға Сыздықованың  «Сөздер сөйдейді» зерттеуінде қарындас сөзін бүгінге дейін екі мағынада қолданған дейді.Әдеби нормадағы актив мағынасы «ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны». Махамбет өлеңіндегі қарындас сөзі әйел жынысты жасы кіші туысқан емес,өзінің соңына еретін,өзіне демеу болатын туыстарды айтып отыр,қалың ағайынды іздеп отыр.

  Махамбет поэзиясы- саф таза тілімен,от-жалын шешендік интонациясымен,көркемдік шеберлігімен,жоғары ақындық мәдениетімен,ұлттық дүниетаным тереңдігімен,суреткерлік қолтаңбасымен өзгешеленеді.

    

 

 

 

 

 

   

 

 

  Махамбет өлеңдерінде қолданылатын сөздер:жер-су атаулары,туыстық атауы,қару-жарақ,қоғамдық-әкімшілік мәнге ие атаулар,кірме сөздер ,жаңа,ерекше сөздер,сөз тіркестері.   Өлеңдерінің тақырыбы: ел,халық жайы,замана және адам.Түр жаңалықтары: шұбыртпалы ұйқас,кезекті ұйқас    

   Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен,

Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл.                           

III. Сыныпты үш топқа бөлемін.

  1. топқа тапсырма.
  1. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
  2. Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
  3. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.

2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып т.б. Ассонанс,аллитерация,риторикалық сұраулы сөйлем.(Түсіндіру барысында айтылады.)

 

  1. топқа тапсырма.
  1. «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы  айтқан?
  2. Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.

Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы

.2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б

 

  1. топқа тапсырма.

1)«Жалғыздық» өлеңін мәнерлеп оқы.идеясы не,қай кезде шығарған?

          2) Өлең құрылысына талда.

  1. (жалғыздықтан жабығу,әділдіктің жоқтығына,замананың қиындығына налу,өкіну )Исатай қазасынан кейін жалғыздыққа бой алдырған шақта жазған өлеңі.

2.16 тармақ,8 буынды,2 бунақ,шұбыртпалы ұйқасқа құрылған өлең.

Сабақты қорытындылау.

IV. Сынып ұжымына сұрақ:

  1. Махамбет кім,ол туралы не білдік? (Ақын,батыр,күйші,қолбасшы,аруақты ер)

Бұл сөздерді қазақтың бес қаруы садақтың жебесін қорамсаққа салу арқылы топтастырамын.

 

  1. Махамбет:  «Өтемістен туған он едік,

                          Онымыз атқа қонғанда,

                          Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған еді. (Шаңыраққа жазамыз)

    Ендеше Өтемістен туған онды ата. (Уыққа жазамыз)

  1.  
  1. Ақын өлеңдерінің тақырыбы (керегеге жазамыз)

(Ел,халық,замана,адам,ерлік )

2,3-тапсырмаларды қазақтың  киіз үйіне топтастырамын.

 Киіз үйдің есігіне Фариза Оңғарсынованың өлең жолын жазамын.

  •  
  •  

Білмеймін жел ме,сел ме

Жырда онымен бір тұлға  теңесер ме?

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

 

Махамбет өмір сүрген кезең                       Қазіргі кезең

Егеменді тәуелсіз ел.Халық сенген,сайлап алған Президенті бар,атамекенге оралу(оралмандардың елге келуі)

 

Ресей қол астындағы бодан ел.Күрес пен тартыс,ата қоныстан айырылу,ата қоныстан үдере көшу.

 

  1. Шығармашылық жұмыс. «Махамбет рухымен сырласу» тақырыбында өлең немесе ойтолғау жазу.
  2. .«Поэзия минуты»  (Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту)

Атырау қаласында биыл қазан айында  республикалық

  I Махамбет оқуы болды.(айтып кетемін)

VII. М.Шаханов «Әке үкімі» Мұғалім жатқа оқиды.

  1. Бағалау Әр топ оқушыларын өздеріне бағалату

       Алған ұпайлары бойынша бағалау

IХ. Үйге тапсырма.Өлеңдерді жатқа айту.Сыныптан тыс материалдарды,зерттеу еңбектерді оқу


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 3504 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]