Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Махамбет – өр рухты ақын


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.01.2015, 17:45

Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын

Сабақтың мақсаты: білімділік- Махамбет шығармалары бойынша алған білімдерін жетілдіру, тереңдету; дамытушылық- ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, тұжырымды ой айта білуге үйрету; тәрбиелік- ақын шығармаларына деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ұлағатты сөздер, үлестірмелі қағаздар, жыр жинағы.

Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  үйге Махамбеттің балалық, жастық шағы берілген болатын.

  1. Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  2. Махамбет хан ордасында кімнің арқасында тәрбиеленеді?
  3. Махамбеттің досы кім?
  4. Жәңгір ханның баласының аты кім?
  5. Жәңгір хан губернаторға қандай хат жазды және ол хатта кім туралы айтылды?
  6. Махамбеттің халық жағына шығуы дұрыс па?
  7. Махамбет Өтемісұлының қандай өлеңдері бар?

 

Махамбет – өр рухты ақын

            Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның әкесі Өтемісте он ұл болған. Тұңғышы Бекмағанбет, екіншісі Махамбет болған. Махамбет Өтемісұлы жастайынан хан ордасында болған. Сонда ол арабша, орысша, қазақша сауат ашқан. Махамбеттің хан ордасында болуының екі себебі болған: біріншісі Махамбеттің ағасы Бекмағанбет Жәңгір ханның он екі биінің бірі болған. Екіншісі, ол кезде хандар қолында ескі дәстүр бойынша қарамағында оларды мақтайтын үлкен дәрежеге жеткізіп өлең айтатын ақындарды ұстаған. Міне осыдан біз Махамбеттің жастайынан ақын болғанын көреміз.

            Жасынан-ақ Махамбет халқының болашақ жалынды ақыны болып, өмірдің шындығын айтуға бет түзеді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастады. Осы уақытта ақынның өлеңдері халық үшін ұран болды. Махамбеттің шыншыл ақын болғанын, біз мына өлең жолынан көреміз. Мысалы:

            Хан емессің, қасқырсың,

            Қас албасты басқырсың.

            Достарың келіп табалап

            Дұшпаның сені басқа ұрсын...

Махамбеттің бұл көтеріліске жазған өлең-жырлары халқы үшін көтеріліс, күрес үстінде туған.

            «Мен - құстан туған құмаймын» өлеңінің бірінші шумағына сатылай кешенді талдау.

            Мен - құстан туған құмаймын,

            Бір тұлпарға жұбаймын.

            Сауырыма қамшы тиген соң,

            Шаппай неғып шыдаймын?

                                       Тақырыбы: «Мен - құстан туған құмаймын»

                              

                              Мазмұны: Қайраты қайтпаған, жігері жасымаған 

                                                 рухты ақын бейнесі

                           4 тармақты

                  7,8,9 буынды

              а а б а    қара өлең ұйқасы

        Мен – құстан туған құмаймын.

Топтастыру. –Махамбеттің өлеңдерін оқу арқылы ақынды қай қырынан таныдыңдар? Ойларыңды дәлелдеңдер.

 

 

Махамбет

Романтик ақын

Өр рухты батыр ақын

Сыршыл ақын

Ірі сыншыл

ақын

Күрескер ақын

Ұлтжанды ақын

Айнымас дос

Философ

Күйші

 

Бинго ойыны

 

Сұрақтар

Жауаптар

Нұсқалар

1

М.Өтемісұлының туған жылы?

1803 ж

1

2

Махамбеттің руы

Беріш

1

3

Өтемісте қанша бала болған?

«Өтемістен туған он едік...»

1

4

Махамбет жауласқан хан

Жәңгір

2

5

Көтеріліс қанша уақытқа созылды?

18 айға

1

6

Жәңгір ханның қайын атасы кім?

Қарауылқожа Бабажанұлы

2

7

Хан жасағымен Исатай сарбаздары соғысқан жер

Қиялымола

1

8

Махамбет Өтемісұлы қайтыс болған жыл

1846 ж

2

9

Өтемістің көтеріліске қатыспаған баласы

Бекмағанбет

1

10

Көтеріліс қай жылы басталды?

1836 ж

2

11

Махамбеттің ұраны

«Ағатай Беріш»

1

2

12

Қиялымоладағы шайқасқа қатысқан Исатай туы астындағы сарбаздардың саны қанша?

200 сарбаз

2

13

Исатай өлімінен кейін Махамбет кімге арқа сүйеді?

Әлім-Шекті ауылының тұрғындарына

2

14

Махамбеттің орысша оқытпақ болып Орынборға ертіп барған баласы кім?

Нұрсұлтан

2

15

Исатай – Махамбет көтерілісін басу үшін жіберілген ақ патшаның подполковнигі

Подполковник Гекке

1

16

Махамбеттің сүйегі қайда жерленген?

Қаройда

1

17

Махамбеттің басына Баймағанбет сұлтан қанша ақша тікті?

1000 сом

2

18

Махамбеттің қапияда басын алған жауыз, сатқын

Ықылас

1

19

Жәңгірдің ұлы

Зұлқарнайын

1

20

Махамбеттің айнымас досы

Исатай

2

21

Махамбеттің күйі

«Ақжелең»

2

«Қайран Нарын»

1

22

Элегия дегеніміз не?

Мұң мен өкінішке толы өлең

2

 

 

1 – нұсқа

Қиялымола

«Қайран Нарын»

Подполковник Гекке

Зұлқарнайын

1803 ж

Бекмағанбет

«Өтемістен туған он едік...»

18 айға

Ықылас

Ағатай Беріш

Қаройда

Беріш

 

2 – нұсқа

1000 сом

Әлім-Шекті ауылының тұрғындарына

Мұң мен өкінішке толы өлең

1846 ж

1836 ж

Қарауылқожа Бабажанұлы

Нұрсұлтан

«Ақжелең»

Жәңгір

Исатай

Ағатай Беріш

200 сарбаз

 

 

Махамбет қандай ақын?

 

Туған жерін қызғыштай қорыған ақын

«Ау, қызғыш құс»

«Нарында»

«Еділ үшін егестік»

Ерлік поэзиясын жасаған ақын, жырау, күйші

«Тарланым»,

«Тайманның ұлы Исатай»

«Соғыс», «Мінкен ер» т.б.

7 күйі бар: «Жорық», «Қайран Нарын», «Ақжелең» т.б.

Туған жері үшін найзалы күреске шақырған өршіл романтик ақын

«Баймағанбет

сұлтанға айтқаны»,

 

Туған жері үшін найзалы күреске шақырған өршіл романтик ақын

«Ереуіл атқа ер салмай»,

«Толарсақтан саз кешіп»,«Еділ мен

Жайық жер еді-ау»

«Орамал тастамақ» ойыны.

Оқушылар ақын өлеңдерінде кездесетін қиын сөздердің мәнін ашады. Ойын орамалды кезектесіп бір-біріне беру арқылы ойналады.

 

  1. Ереуіл – ұзақ жортуылға төзімді де, шыдамды, берік, мықты.
  2. Еңку-еңку – кедір-бұдыр, ойлы-қырлы.
  3. Тебінгі – тоқым қысқа болғанда аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.
  4. Терлік – тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі; тершік.
  5. Малта – сүзбеден сығып, домалақтап дайындаған уақ құрт.
  6. Толағай – түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш.
  7. Қарындас – көне мағынасы ағайын-туған, бауыр.
  8. Құмай – таулы жерді мекендейтін ірі жыртқыш құс.
  9. Қалықпан – тазқара, сақалтай, құмай деп те аталатын бүркіт тұқымдас құс.
  10. Мұнар – күн ашық кездегі ауаның күңгірттігі, буалдырлығы.
  11. Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар бура.

 

Қорытынды:

Тест

  1. М.Өтемісұлы қай әдебиеттің өкілі?

а)ауыз әдебиеті                     ә)жазба әдебиеті

  1. Көтерілістің мақсаты қандай?

а)ханнан жеке басының кегін алу

ә)қара қазан, сары бала қамы үшін

  1. Күрес күндерін суреттейтін жыры қайсы?

а)«Ереуіл атқа ер салмай»        ә)«Қызғыш құс»

  1. Бұлықсып жүрген мырзадан

Бұралып дәулет тайған күн...

а)«Ерлердің ісі бітер ме»             ә)«Мұнар күн»

  1. Махамбеттің қайтыс болған жері?

а)Бекетай                   ә)Қараой

  1. Махамбет өмір сүрген жылдар?

а)1803-1885 ж                         ә)1803-1846 ж

  1. Махамбеттің сөздері.

а)Жай, бос сөздер

ә)«Жалаулы найза қолға алып» жау тоқтататын сөздер.

  1. Махамбеттің ағасының есімі?

а)Бекмағамбет                         ә)Баймағанбет

  1. Махамбеттің күйі.

а)«Балбырауын»                     ә)«Ақжелең»

  1. Махамбет ақынның:

«Хан емессің, қасқырсың,

Хас албасты басқырсың...» -деген өлең жолдары кімге айтылған?

а)Исатайға                        ә)Жәңгірге

Үйге тапсырма: «Туады ерлер ел үшін» тақырыбына шығарма жазып келу.

Бағалау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 906 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]