Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (55.2Kb) ] 11.01.2015, 10:44

 Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даркенбаева Бибі-Жар Бақбергенқызы.

Қазақ әдебиеті. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев 
                                       «Менің атым Қожа». 
Сабақтың мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнымен таныстыру.
Міндеттері: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Өзіне-өзі есеп бере білуге, өз еңбегін сыни тұрғыдан қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы
1  Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу;
2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
3. Зейіндерін сабаққа аудару.  

2     Үй тапсырмасын тексеру
162-беттегі 2 –тапсырма. Еламанға өз көзқарастарыңды білдіре отырып,  мінездеме жазу.
3    Білімдерін жан-жақты тексеру.
         Еламанды қайсарлыққа жетелеген не? Қайсар мінезді Еламан шыдауға емес ашынуға керек екенін қарайған жұртты көк теңіздің тажал аузы жалмап жұтып қоя жаздаған да, өліммен бетпе-бет келгенде барып Федоровқа да сол тосын сезім үстінде қол көтерді. 
         Ол не үшін күресті? Бір басының кегін күйттемей, барлық езілуші атаулының ортақ мүддесі жолындағы күреске жұмылған Еламан барша әділетсіздік атаулыға, езу, қанау атаулыға қарсы күреске шығады. Сол әділет жолындағы күрестің жеңіске жеткен шағында өз парызын орындап болған саналы күрескер қалпында қазаға ұшырайды. 
        Еламанды идеал етіп алуға бола ма? Еламанның өнегелі өмірі — адамдық сананың асқар ала биіктеріне қайсарлықпен ұмтыла білген рухани самғаудың биік үлгісі.   
        Шығарма тақырыбы не екен?  Қарама-қайшы екі таптың арасындағы қақтығыстар. Ескі мен Жаңаның күресі . 
        Шығарманың идеясы не?  Адамдардың пенделіктен азаматтыққа, күйкі күнкөрістен шынайы бақытқа, өзін ғана емес өмірді де өзгертуге бастайтын жасампаздыққа ұмтылған құштарлығын ояту.

Жаңа сабақ
Ой шақыру

-    Балалар, мына суреттерге қараңдаршы! Бірден есіңе не түседі? Қандай сезімге бөленесіңдер? 

-    Бердібек Соқпақбаев, «Менің атым Қожа» фильмі, Балалықтың балғын дәмі, сотқар Сұлтан, фильм кейіпкерлері бірден еске түседі.

-    Фильмді қоюшы режиссер кім?
-    Абдолла Қарсақбаев.
-    Ол кісі туралы не білеміз?
Қарсақбаев Абдолла (2.10.1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 2.9.1983, Алматы) - кинорежиссер.1978 жылында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.1956 жылында Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген . "Менің атым Қожа" (1967 жылы Канн қаласында өткізген халықаралық кинофестивальдың дипломына ие болды), "Балалық шаққа саяхат" 1969), "Менің ағам" (1972), "Қатарыңнан қалма" (1974, телефильм); "Оу, ковбойлар" (1975), "Алты жасар Алпамыс" (1976; 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық 10 кинофестивальдің жүлдегері
Міне, балалар, өнердің мәңгі жасайтынына көздерің жетті.  «Менің атым Қожа» фильмі әлі күнге дейін бәріміздің сүйіп көретін дүниеміз. Бұл фильм Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің негізінде қойылғаны баршаға мәлім.

Мағынаны тану.
Бердібек Соқпақбаев - қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы. Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы еді. Өтірікке өлердей қас болатын. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды оқырманды.

 Нарынқол туып өскен ауданым-ай, 
Көркем жер болмас сенің аумағыңдай. 
Кетерде сенен ұзап көзім қимай, 
Қызыл тіл өлеңдетіп зауладым ай,- деп жазушының өзі жырлағандай, Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 15-інде Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданында туған. 
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды. 
"Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жүлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады. 
"Менің атым Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазакфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
"Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
Жазушы: Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть» Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой... 
 Осы пікірге өздерің қалай қарайсыңдар? Келісеміз бе?
Ендеше Қожамен жақынырақ танысатын сәт те таянған сияқты.

Оқулықпен жұмыс
163-бетті ашайық. Бірінші тарауды оқиық.
«Менің есімім»(5 минут)
Автор орындығы 
1     Есімім жайлы пікірім
    2  –ов,-ева мәселесі
2    Әкем туралы ойым

165-бетті ашайық. Төртінші тарауды оқиық.
«Ағаттық аяқ астында»(5 минут)

-    Балалар, мына тарау мен алдыңғы тарауда қандай айырмашылық байқадыңдар?

-    Алдыңғы тарауда монолог берілген.

-    Кейінгіде диалогтар кездеседі.

Рольдік ойын. 
-    Ендеше, диалогтерді тауып, рольге бөліп ойнап шығайықшы.
1    Жантас пен Қожа
2    Қожа мен мұғалімі

Дәптермен жұмыс
 «Өтіріктің арты бір тұтам» деген қазақ. Мынау Қожа мен Сұлтанның өтірігінен зардап шеккен кейіпкер болса, біз Қожаны талқыға салып көрейік!
Қожаның ар-ұяты мен Қожаның өзінің айтысын құрастырып көр.


Т-кестесін толтыру

Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Намысшыл
Жағымсыз іс-әрекеттерге жаны қас
Өзіндік ой-пікірі қалыптасқан
Үлкенді сыйлайды
Әкесін сағынады
Әділдікті сүйеді
Газет оқиды

Қожаның жағымсыз жақтары
Тентек
Тәртіпсіз
Өтірікші
Сотқар

Сабақты бекіту
Бес жолды өлең құру
Қожа, Сабира Майқанова, Жантас жайында

«Топтастыру» стратегиясы
Бердібек Соқпақбаев туралы не білдік?

Сабақты қорыту
«Кері байланыс парағын» толтыру

Үйге тапсырма:
17-тарауды оқу.
«Қожаға хат» жазу.
Қожаның қанатты сөздерін жалғастыру
Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.
«Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық.
Оқулығы сай бала – көңілі жай бала

Бағалау


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 1942 | Загрузок: 159 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]