Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Ақсақ құлан,Жошы хан аңызы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (17.4Kb) ] 10.01.2015, 23:12

Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:
“Ақсақ құлан,Жошы хан” аңызы 

Өткізген:Сейдахметов Ержан Тілегенұлы

Аманкелді селосы
2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:“Ақсақ құлан,Жошы хан” аңызы 
Сабақтың мақсаты:                                   а) ауыз әдебиетінің түрі- аңыздарға,пәнге деген қызығушылығын арттыру; 
                                   ә) оқушылардың бойында ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
                                   б) оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету 
Сабақтың көрнекіліктері:Аңыздарға байланысты фотосуреттері ,флипчарттар, түрлі- түсті фламастерлер, АКТ  т.б.
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сұрақ- жауап;
    Диалог;
    Ойын
    Топтық  жұмыс;
1.Ұйымдастыру кезеңі;
    Оқушылармен амандасу;
    Оқушыларды түгелдеу;
    Топқа бөлу )
Үй тапсырмасын тексеру:
«Ыстық орындық» ойынын ойнау
Оқушыларға Блум таксономиясы бойынша жасалған сабақтың табыс критерийлері таныстырылады.
Сабақтың табыс критерийлері
1.Аңыз мазмұнын білемін
2.Аңыз мазмұнын айтып бере аламын
3.Аңыздың басты оқиғаларын бөле аламын
4.Аңыздағы оқиға желісін шындықпен байланыстыра аламын.
5.Аңызды басқа аңыздармен салыстыра аламын.
6.Аңыздағы жақсылық істер мен  жамандықтарды ажырата аламын 
“Ақсақ құлан,Жошы хан”күйі ойнайды.
Күйдің тууы жайлы аңыз
Осы жерде айта кету керек, 60-70 жылдары академик Әлкей Марғұлан бастаған бір топ қазақ ғалымдары Ұлытаудағы Жошы кесенесін ашқанда, онда жатқан мүрденің тура «Ақсақ құлан» аңызында айтылғандай бір қолсыз жерленгенін көрген (Жошының қолын құлан шайнап тастаған-авт.). Кесенеге Жошының сүйегімен бірге оның жағалай ұлысқа қарасты 26 тайпаның таңбалары бірге қойылыпты. Қазақ ғалымдар осы 26 таңбаның бәрі бүгінгі қазақ рулары екенін, оның ішінде қазір моңғол ұлтына жататын рулардың бірде-біреуінің белгісі жоқ екенін айтады. Яғни, тек ол кезде қазақ деген атау болмады демесең, Жошы ұлысын бірыңғай бүгінгі қазақ тайпалары құраған. Сондықтан, Жошы хан ұлысына 250 жыл бойы әрісі Батыс, берісі Русь салық төлеп, бағынышты болып тұрғанын ұмытпайық.

“Даналық кілті” ойыны 
Ол үшін оқушыларды сурет арқылы төрт топқа бөлемін. 
Керісінше кілті 
Сөйлемде “істей алмаймын”, “ешқашан”, “істемеймін” 
сөздерін қолдануды көздейтін тапсырма 
Егер де... кілті 
Сөйлем “Егер де...” сөзімен басталуы қажет 
Әліпби кілті 
Берілген тапсырманы рет-ретімен орналастыру қажет 
Кемшіліктер кілті 
Жауап бергенде тек кемшіліктерді көрсету қажет 
Тағы қалай... кілті 
Күнделікті өмірмен байланыстыра жауап беру қажет 
Қиыстыру кілті 
Үйлеспейтін екі ұғымның қасиеттерін санамалаңыз, 
жаңа бір ұғым шығаруға тырысып көріңіз 
“Конструктор” кілті 
Материалды креативті  пайдалану 
“Жаңа дизайн” кілті 
Артығын алып тастау, жетіспейтінін толықтыру, 
жаңа сән беру 
Кілттердің суреттерін топтарға үлестіремін.Қай топқа қандай кілт келсе ,сол кілттің ережесі бойынша жұмыс жасайды
“Ақсақ құлан” мульфильмін көрсету 
Топтық жұмыс. 
“Оқулықтағы аңыз бен
 “Ақсақ құлан” мультфильмі” 
Бағалау критерийлері
1.Жұмыстың жаңашылдығы
2.Безендіру
3.Баяндау
4.Топтағы ұйымшылдық
5.Уақытты тиімді пайдалану
6.Пікір айту,сұрақ қою
Топтық жұмысты бағалау
Топ басшыларының бағалауы 
Үй тапсырмасы:
Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу жайлы аңыз 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 506 | Загрузок: 169 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]