Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Аралас [ Добавить материал ]

Танк әскері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 03:03
Танк әскері - құрлық әскерлерінің бір түрі. Танк әскері жойқын қаруымен, айрықша шапшаңдығымен және сауытты қорғанысымен ерекшеленеді. (қ. Танк). Танк бөлімшелер, бөлімдер, құрамалардан тұрады. Құрамына мотоатқыштар (механикаландырылған), ракеталы, артиллериялы, зенитті, сондай-ақ арнаулы әскердің инжылы, байланыс, автомобиль, т.б. бөлімшелері мен бөлімдері кіреді. Алғашқы Танк әскері 1-дүниежүз. соғыс (1914-18) жылы қолданылды. Бұл соғыста Танк әскері өзін жаңадан шыққан жойқын соғыс қаруы ретінде көрсетті. Ресейде 1918-20 жылы болған азамат соғысының аяғына карай 1920 жылы желтоқсанда Қызыл армияға Сормово з-ты-ның тұңғыш кеңестік жеңіл танкілері келе бастады.


BT-2 пушкалы танкісі
1929 жылы жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының механикаландыру және моторландыру орт. басқармасы, 1934 жылы желтоқсаннан автосауытты танк басқармасы құрылды. Танкілер механикаландырылған әскер құрамына енді. 1920-30 жылы әлемдегі жетекші елдердің барлығының қарулы күштерінде Танк әскері құрылып, бұрынғы атты әскердің рөлін атқара бастады. Механикаландырылған және танк бөлімдерінің қүрылуы жаңа автосауытты танк әскерінің үйымдасуына негіз қалады. Т.э. 1938 жылы Хасан көлінде, Халкин-Гол өз-нде (1939) және 1939-40 жылы кеңес- фин соғысында жауынгерлік тәжірибе алды. 2-дүниежүз. соғыста Танк әскері жойқын күшке айналды. Тә. Сталинград (1942- 43), Курск (1943) шайқасында, Беларусь (1944), Висла - Одер (1945), Берлин (1945), т.б. операцияларда мацызды рол ат- қарды. 1960 жылы КСРО-да Т.э- нің басқармасы қүрылды. Соғыстан кейін мемлекеттердің Т.ә-нің жауынгерлік мүмкіндіктері ұлгая түсті. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін оның қарулы күштеріндегі жетекші саланың бірі ретінде Танк әскері қайта жасақталды. Танк әскерінің бөлімдері мен құрамалары құрылып, жаңа үлгідегі танкілермен және құрал-жабдықтармен қаруланды. ҚР ҚК-нің танк әскері орта және жеңіл (жүзетін) танкілермен жабдықталған.

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin
Просмотров: 835 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]