Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Жасушалық иммунитет жүйесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

05.01.2016, 23:23

«Жасушалық иммунитет жүйесі (I). Т-лимфоциттердің негізгі қызметтері. Т-лимфоциттердің дифференциялануы»

2. Мақсаты: Студенттерді иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтерімен таныстыру, Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануын, тимустағы Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталу рөлін қарастыру.  

3. Дәріс тезисі:      
1.    Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері.
2.    Т-лимфоциттердің дифференциялануы.
3.    Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы.
4.    Тимустағы Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталуы. 

Иммунологиялық серпілістің түзілуінде иммунитеттің Т-жүйесі басты рөл атқарады. Себебі, ол көптеген табиғи антигендерді тануына қатыса отырып, гуморалды және жасушалық иммундық жауапты қалыптастырады және реттейді. Сонымен қатар, иммунитеттің Т-жүйесі иммунологиялық есте сақтау және имунологиялық төзімділіктің дамуына жауапты. Нәтижесінде сол ғана бөгде жасушаларға цитотоксикалық қызметін атқарады.
В-лимфоциттің дифференциялануы кезеңі сияқты Т-лимфоциттің де дифференциялануының екі кезеңі бар: антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануы.
Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы тимуста жүреді, оған ізашар Т-лимфоциттердің тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (МНС антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және ағзаның өзінің антигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей  CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т-лимфоциттердің әр түрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады.
Рецепторлары МНС-дің меншікті нәруыздарына сәйкес келмейтін Т-лимфоциттер клондары (олардың саны басымырақ) апоптоз (жасушалардың жоспары бойынша жойылуы) нәтижесінде жойылады. Тек МНС-дің меншікті нәруыздарына сай рецепторалары бар клондар сақталады. Бұл Т-лимфоциттер керекті дифференциялапну белгісін алғандықтан апоптозға ұшырамайды және әрі қарай даму сатысына өтеді. Сонымен, өзінің ағзасынжа жұмыс істеуге қабілеті бар (МНС-рестрикция) Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтеді.
Бұл үрдісті оң сұрыпталу деп атайды. Оң сұрыпталудан кейін кортикалды тимоциттердің шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды. 
Аталған жасушалардыі әрқайсысының немесе I класс МНС нәруыздарымен, немесе  II класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабілеті бар.  Оң сұрыпталу үрдісі кезінде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-киллердің фенотипіне  CD2+3+8+ (CD8+) ие болады.  
II класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер  CD4 корецепторын сақтайды, ал CD8 нәруызының экспрессиясын тоқтатады.  Бұл жасушалар Т-хелпердің фенотипіне CD2+3+4+ (CD4+) ие болады. Осылайша Т-лимфоциттердің екі негізгі функционалды субпопуляциялары қалыптасады.
Тимустың кортикомедуллярлы аймағында және мезенхимасында  оң сұрыпталудан сақталып қалған Т-лимфоциттер бірнеше цитокиднрдің және тимус гормондарының (бірінші кезекте тимозин), сонымен қатар жасушааралық әрекеттесулеркөмегімен пісіп-жетілудің келесі кезеңіне өтеді және теріс сұрыпталу үрдісіне ұшырайды.    

4. Иллюстратциялық материал: №5 мультимедиялық дәріс  

5. Әдебиет
1.    А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 120-127 беттер
2.    А. Ройт. Основы иммунологии. М., 2007, 105-127 беттер
3.    T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.
4.    A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)  
1.    Иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтері. 
2.    Қай жерде Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді?
3.    Тимус гормондарын атаңыздар. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin | Теги: Иммундық жүйе, Иммунология, реферат, Биология, Жасушалық иммунитет
Просмотров: 569 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]