Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Шығарма [ Добавить материал ]

Бұқар жырау шығарма


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

04.10.2015, 16:17

Бұқар жырау шығарма

 

бұқар жырау

 

Жоспар: 

Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781жж.). өмірбаянынан мағлұмат. 
Абылай заманы туралы толғауларының мәні. 
Ақын өлеңдерінің мазмұндық-тақырыптық жүйесі. 
Қазақ әдебиетіндегі Бұқартанудың өзекті мәселелері. 

ХVІІІ ғ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі  Бұхар жырау Абылай хан заманында өмір сүрген. Әкесі Қалқаман белгілі батыр. Оның өлеңдері өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен. 

Бұхар жырау қазақ жеріне ертеден мәлім. Бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке, әділеттікке үндейді, ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. (Абылайға арналған өлеңдері). 

Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы бір оқиғасы — жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол, әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшылармен бірге ақылшы, үгітші боп белсенділік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. («Тыңда мені, ерлерім..», «Ордалы байтақ елім бар…» т.б.). 

Бұхардың «Керей, қайда барасың?» өлеңі ханға қарсылық еткен рулы елді келіске келтіру жөніндегі билік сөзі, ел бірлігін жақтаған жыраудың жалынды жыры. Ол көп өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады. («Батпақты сайға су түссе…», «Аңсаңнан биік тау болмас…»). 

Бұхар тілі образды, тұспалды, суретті. Айтар терең ойларын ол жай баяндай салмайды. Ақындарға тән асыл сөздермен шарықтай, шабыт шақыра, асқақтата жырлайды. Сондай-ақ, жырау өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытарлық мәнді шығармалар. («Ел бастау қиын емес…», «Қатын алма төреден…», «Ақиық бүркіт төмендер…»). 

Бұхар өлеңдерінің көбі — арнау. («Ей, Абылай», «Қалдан Серен»). 

Жыраудың «Тілек» деген толғауының да бірқыдыру мәні бар. Онда ақын хан тілегіне қоса ел мүддесін жоғары қояды. 

Бұхардың тіл ерекшеліктерін оның адам өмірі туралы жырларынан да айқын көруге болады. Әр қилы өмір белестерін жырлауда ақын дөп басып, орынды балама сөз тауып қолданады. Әрбір жастағы адамның қуаты, ой-сыры, мүмкіндіктері, айналасындағы өмірге көзқарасы жан-жақты ашылады. («Атан болған жиырма бес…», «Жетпіс бес жасқа келгенде…» т.б.) 

Жыраудың поэтикалық тілге жетік, тұспал сөзге шешен адам болғанын басқа толғауларынан да көптеп кездестіреміз. Ол табан асты сөз тапқыш ақпа-төкпе сөз өнерінің жетік өкілі. Терең ойын көркемдей-кестелей білген ірі суреткер. Бұхар өлеңдері өзінің ұйқасы жағынан да көңіл аударарлық. 

Бұхар шығармалары өзінің стилі жағынан ауыз әдебиетімен және өзінен бұрын жасаған Асан, Қазтуған, Шалкиіз толғауларымен сабақтас, ақыл, нақыл ғибрат, өсиет ретіндегі дидактикалық туындылар.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Шығарма | Добавил: Admin
Просмотров: 1932 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]