Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Аралас [ Добавить материал ]

Кәсіпкерлердің банкроттығы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

04.01.2016, 23:52

Кәсіпкерлердің банкроттығы

1. Банкроттық институтының ұғымы және мағынасы.
2. Борышқорға қолданылатын шаралар: қайта құру, тарату және оңалту шаралары.
3. Бакроттық жағдайдағы заңсыз әрекеттер.
Кез-келген компанияның өмірінде, олардың банкроттық жағдайына келуі кездесіп тұрады. Көптеген компаниялар осындай жағдайлардан кейін өз жұмысын тоқтатқан, ал кейбіреулері мұндай қиындықтарды жеңе отырып өз жұмыстарын жалғастыру үстінде.
Белгілі-бір құқық субъектілерінің банкроттығын реттеуші заңдар және нормалар банкроттық процедурасын жүргізу кезінде ерекше орынды алады. Мінеки сондықтан олардың тәжірибедегі жетілмеуі өте күрделі құқық бұзушылыққа алып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында заңдарды Жетілдіру Қазақстан Республикасының дамуының бір әдісі ретінде атап өтеді[2]. Жалпы мемлекет алдында нарық қатынастарын реттеуші норматив- тік-құқықтық базасын жасаудағы басты мақсат пайда болды. Атап өтетін нәрсе оның ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық процедурасы қамтылып өтті. Менің таңдап алған дипломдық жұмыстың өзектілігі, нарықтық қатынастардың және олардың реттеу қағидаларының жаңашылдығында мәселенің жаңашылығында болып табылады. Банкроттық институтының жеткілікті әрекет етуінен еліміздегі көптеген ірі кәсіпорындардың, көптеген жеке фирмалардың, және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке кәсіпкер тұлғалардың экономикалық жағдайы тәуелді болады. Банкроттық жүйесі инвесторлар қаражатының қайтарымдылығына кепілдікті ғана қарастырмай, сонымен қатар бұл еліміздегі қаржы жағдайының тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышқордың сотқа өтініші немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім, егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.
Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
Осы бапта көзделген негіздемелерден басқа, дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:
1) өзіндік кәсіпкерлік - дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;
2) отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бірлескен кәсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады.
Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органға тапсырғаннан кейін және кәсіпкерлік қызметпен байланысты салық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүргізіледі. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады. Белгіленген жағдайларда тіркеусіз дара кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде оны тоқтату ерікті сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезінде тиісінше соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледі.
Орындалмаған мiндеттемелерi жоқ және мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерiктi таратудың оңайлатылған тәртiбi белгіленеді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin | Теги: кәсіпкерлік, банкрот, аралас, реферат
Просмотров: 559 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]