Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 11.1.2018
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер

В разделе материалов: 148
Показано материалов: 111-120
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 14 15 »

Қазақ тілінің таңғажайып кереметі жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, ауыздарының суы құрып, тамсана жазғандары мәлім...

 

Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.

 

Мелиоранский П.М. /1868 – 1906, шығыс зерттеушісі, профессор/. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды.

 

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 11548 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Мақтай-маршал

Қорғанбек Аманжол

 

Сайын дала...

Сақарасы Торғайдың,

Сайын дала сағынышын толғаймын.

Тоқсан толғау – толағайдай Торғайдың,

Шерін төгіп, сағынышпен сарғайдым.

 

Сен болмасаң сақараның сайтаны,

Сағым қалқып бұлдыраған байтағы.

Мақтай-шері Сағдиевтің бір ісін

Торғай елі аңыз қылып айтады.

 

Кермедегі Кеңес кезі кешегі,

Кеңістікте арман желі еседі.

Киіктерше құйғытады құйын ой,

Кейкі батыр елесі боп көшеді.

 

Ұбақ-шұбақ жалпақ жапан түзді орап,

Ұлан асыр дабылдатқан күзгі орақ.

Айдау жолда астық тасып жөңкілген,

Мың сан әскер мәшинесі мұзбалақ.

 

Астық...

Айқас...

Желкем күнде шаң борап,

Алқап басын нөпір халық қаумалап.

Сыбдыр-сыбдыр сыр шертіскен сарбалақ,

Егіндерін орып болған саумалап.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 32690 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Балаларға арналған жаңа жылдық әндер

 Аяз ата.

 

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

 

Қайырмасы:

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

 

Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақшақар тұр жалтырап.

 

Қайырмасы.

 

Көрдің бе аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

 Аппақ екен шапаны.

 

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 23889 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Балаларға арналған өлеңдер

Айналайын Баладан

(Екі баланың айтуына арналған)

- Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

 

- Далада бала жата ма?

- Түсіп қапты шанадан.

 

-.......біздің қайда екен?

- Қыздарменен тойда екен.

 

- Тойда неғып жүр екен?

- Алма теріп жүр екен.

 

- Алмасынан кәнекей?

- Жаңа теріп жүр екен.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 24305 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Балаларға арналған жаңа жылдық әндер

 Аяз ата.

 

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

 

Қайырмасы:

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

 

Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақшақар тұр жалтырап.

 

Қайырмасы.

 

Көрдің бе аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

 Аппақ екен шапаны.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 40816 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

Ана тілі

 Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

                                                                    Ә. Табылдиев

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 134114 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

АСИЕТ ПЕН ҚҰТ ДАРЫТҚАН АНА ТІЛІ ТУРАЛЫ ДАНАЛАРДАН ЖЕТКЕН СӨЗ

 

Тәрбие басы – тіл.

                                                                  М.Қашқари

 

Ана тілінен айырылған адам өз халқы  жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

                                                                  Ғ.Мүсірепов

 

Ана тілін білмейтін адам – бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.

                                                                  Ғ.Мұстафин

 

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

                                                                  К.Паустовский

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 1668 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ

Сүйсем өз тілімді,

Боламын білімді:

Өз тілім үйретер,

Өнерді, ғылымды.

Сүйем өз тілімді.

                                     Әдібай Табылды

 

АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА

-Ана тілі тым оңай!

Деп Күлдірген тыңдамай

Терезеге қарады,

Теректерді санады.

Оны көріп мұғалім,

Қойды кенет сұрағын:

-Айтшы, тұрып сен енді

Анықтауыш дегенді.

-Анықтауыш ... Әрине ...

Анықтайды бәрін де ...

Күбір сөзі ұзарып,

Күлдірген тұр қызарып.

Ана тілін білмесең,

Аһ ұрасың күнде сен.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 3334 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Шын сезім, мол Махаббат боймызда

Бақытты тұрмыс құру, ойымызда

Өмірге бірге аттандық жақсы үмітпен

Кел достар, шақырамызтойымызға.

Туған күнге тілектер | Просмотров: 6738 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Жас жұбайлар, кездессе дe не кундер, 
мойымаңдар, мақсаттарга жетiңдер. 
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен, 
Өмiр бойы ғашық болып өтіңдер! 


Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да, тәтті өмір сүрсін ! 



Аяқ та екеу, қол да екеу, 
Көз дегенің - ол да екеу. 
Екеу және құлақ та, 
Жүрек жалғыз бірақта. 
Сондықтан да сол жүрек 
Күйіп, жанып, өртеніп 
Естісін деп лебізін 
Іздейді екен серігін - 
дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. 
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын! Ал "махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болып, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін! 

Туған күнге тілектер | Просмотров: 7302 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 91-100 101-110 111-120 121-130 131-140 141-148