Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

Үйлену тойына тосттар мен тілектер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жас жұбайлар, кездессе дe не кундер, 
мойымаңдар, мақсаттарга жетiңдер. 
Бір-біріңе дәл бүгінгі сезіммен, 
Өмiр бойы ғашық болып өтіңдер! 


Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да, тәтті өмір сүрсін ! 



Аяқ та екеу, қол да екеу, 
Көз дегенің - ол да екеу. 
Екеу және құлақ та, 
Жүрек жалғыз бірақта. 
Сондықтан да сол жүрек 
Күйіп, жанып, өртеніп 
Естісін деп лебізін 
Іздейді екен серігін - 
дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. 
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын! Ал "махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болып, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін! 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Туған күнге тілектер | Добавил: Admin (12.11.2013)
Просмотров: 6489 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]