Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 28.10.2020
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер

В разделе материалов: 148
Показано материалов: 121-130
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13 14 15 »

Шілдехана тойы қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі. Яғни, өмірге іңгәлап келген сәбидің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шағы.

   Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туыстары, құда-жекжат, достары, ұжымдастары, көршілері, жалпы көңіл жақын адамдары шақырылады. Арнайы шақыру хаттарын жасатқан жөн.

   Отбасының қуанышы қызықты өтуі үшін алдын-ала әзірлік жасалсын. Бұл тойдың жинақы, мәнді де сәнді өтуіне бірден-бір ықпал етеді. Сондықтан тойды қалай бастап, қалай аяқтаудың да өзіндік мәні зор екенін есте сақтаған абзал.

   Адам сезімін оятып, ақыл, сана, түйсік көздерін аша білетін небір жан тебірентерлік сөздер халқымыздың рухани қазынасында мол. Сондай сөздермен қонақтарды таныстырып отырса, тойдың сәні кіре түсері даусыз. Бірақ тойды асабаның бастауы міндет емес. Той иесі – үлкен ата-әжесі, әке-шешесі бастап, содан кейін барып асабаны халыққа таныстырса жарасымды болып шығады.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 19392 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Дайындық кезеңі: Кейінгі жылдары «Аруна баспасынан шыққан «Ежелгі Қазақстан», «Алтын Орда» қазақ балалар энциклопедисымен  және осы баспадан шыққан «Аңызға айналған жерлер», «Ежелгі қалалар», «Ұлы жібек жолы» т.б. кітаптары бойынша көрме ұйымдастыру керек. Ұлы Жібек Жолының Қазақстан жерінен өтетін бөлігінің үлкейтілген картасы дайындалады. Балалар алдын ала осы көрмелермен танысады. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалалар мен тарихи ескерткіштердің суреттері бойынша алдын-ала слайд жасап, шара болған күні қолдану керек. Балаларға шара өтерден біраз уақыт бұрын Қазақстанның ежелгі қалалары туралы аңыз, ертегі, өлеңдер оқып, жаттап  келу тапсырылады.    (Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйінің әуенімен бірге экраннан ежелгі қазақ сахарасында жатқан Жібек жолының бойындағы керуен тізбегінің бейнесі жылжып өтіп жатады)

 

      Тарих ата: Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 4779 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Тұсаукесер

   Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер - әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт.

                                    Тұсаукесер тойы

   Кез келген тойдың жақсы өтуі тікеле тойды басқарушы адамға байланысты. Сондықтан да той асабасына өте жауапты міндет жүктеледі. Тойды жүргізу барысы, тілек айтушылар тізімі, үзіліс кезіндегі ойын-сауық түрлері және табақ тарту, той бастау салттары жайлы ойлар алдын-ала талқыланады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын дайындап тұрады.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 28406 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Астана мектеп кз сайтынан

«Тұсау кесер» салты.

І-жүргізуші: 

Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ  күні.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 62152 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Сүйем сені, туған елім! 

Төменгі сынып оқушыларына арналған саяхат - ойын

 

Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.

         Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал-мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді.

   Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.

   Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер  сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет

         Қабырғаға ілінетін даналық сөздер:  «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.

         Керекті құралдар: Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 17022 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Сүндет той

   Сүндеттой – ежелгі дәстүрлердің біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман ерекшеліңтерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық дәстүрінен айрылмауға тырысайық.

 

   Той өтетін жердің (дәмхананың, мейрамхананың, т.б.) есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады.

   Жиналушылардың жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды. Келген қонақтар сүндет тойға құр қол келмейді. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлыгды бие, соңы қозылы қой (немесе, бүгінгі өмір талабымен: аудио-видео аппаратуралармен, компьютерлік ойыншықтар, жақсы тігілген фирмалық киімдер, велосипед, т.б.) тарту етіп, «көрімдігі» деп ақшалай да сыйлық беріп жатады. Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.

   Жұрт жиналып болғаннан кейін асаба той бастайды:

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 24628 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Соңғы қонырау әзірлемесі.

 

(Барлық оқушы сапқа тұрған)

Фанфары.

1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне всалтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен "Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 17706 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз тойын тойлау үлгілері

Ірі мекемелерде Наурыз тойын тойлауға аса мән беріле бермейтіні рас. Осы орайда қызметкерлер үшін де, ұйымдастырушылар үшін де көп дайындықты қажет етпейтін апталық іс-шаралар жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Өз мекемемізде тәжірибеден өткен, қатысушылардың көңілінен шыққан Наурыз апталығы мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

Дайындық кезеңі:

Апталық іс-шаралар жоспарын құру.

Басшылармен келісу.

Ұлттық сипаттағы сыйлықтар мен грамоталар сатып алу.

Сценарий дайындау.

Қатысушыларды іріктеу.

Қызметкерлер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Өткізу кезеңінде ескеретін жайттар:

Қызметкерлердің жұмысбастылығын ескеріп, таңертең жұмыс алдында бүгін өткізілетін  іс-шараның түрін, қатысушылардың аты-жөнін көрсете отырып, кешке жұмыс аяғына қарай күн қорытындысын жариялап, хабарландыру жіберіп отыру. Бұл, біріншіден, еске салу, екіншіден, қызықтыру мақсатында жасалады.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 15858 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз сценарийі

 

Дайындаған Жанар Аманғалиева

Балалардың қатысуымен өткен НАУРЫЗНАМА-2010

 

Жүргізуші бала:

         Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

         Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

         Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

         Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 21028 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»

 

«Сүгір-ай» күйі ойнап тұрады.

 

Жүргізуші:                   Құрметті әріптестер!

 

         Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!

Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы.

 Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 1992 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 101-110 111-120 121-130 131-140 141-148