Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 10.12.2019
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер

В разделе материалов: 148
Показано материалов: 131-140
Страницы: « 1 2 ... 12 13 14 15 »

Қазақстан рәміздері

Жоғары сынып оқушыларына арналған тарихи-танымдық турнир

          Дайындық кезеңі: Шараны өткізу үшін ҚР елтаңбасы, әртүрлі елдердің елтаңбалары, Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалалары, алғашқы этностық-мәдени нышандар, Кеңестер Одағының елтаңбасы, тулардың суреттері дайындалады.  Бұл шараны өткізу үшін Е.Шаймерденовтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері атты рәмізтану саласына байланысты жарық көрген кітабының пайдасы зор болады. Ондағы түрлі-түсті рәміздік белгілердің суреттерін жұмыс барысында пайдалануға болады.

        Жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.

      Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады: І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 11965 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:

 
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 27079 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

КАУСАРҒА- ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫНА!!!!
Көктемнің хабары кеп, сел ебімен
Мұз еріп,көк көрініп жылы желмен
Сай-сала буырқанып,су сылдырап
Наурыздың лебі соқты Шелегімнен
Бүгінде заман басқа,дәстүр бекем
Жаңарған әр салтымыз неткен көркем
Ел-жұртым құтты болсын әз мерекең
Тәнірдің бұл да берген сиы екен
Әжелер сайысына қатыспаққа 
Қызықтап Каусарымның бал қылығын
Албанның Шикіл атты әулетінен
Қожақан-Сәбитжанның отбасынан
Қуат пен Аиданың тұңғыштары
Көзімді ашып көрген қызығыммен
Келіні осы ауылдың отыз жылдай
Кесе өтпей үлкен-кіші аясынан
Бұл күнде ене атанған ақ самайлы
Жетелеп немересін келіп тұрған
Анасы төрт баланың Бақытгүлмін!
Отыз жыл мекен еткен ақ босағам
Қызындай мені көрген асыл апам
Көгеріп көк орманың өсе берсін
Ененің топырағынан ....дейді қазақ
Қолымнан келгенімше риза етем
Жүзге кеп,жасай берші асыл анам!

Қуаттың нағашысы ер Қабанбай
Аруағы жатыр ма екен бір оянбай,
Найзасы жер қаппаған қайран бабам
Жетелер жиендерін талай-талай!
Әжелер құтты болсын мерекеміз
Бәріміз бір-бір үйге берекеміз
Той тойлап,қызықтайық бұл сайыста
Дейді екен...
Бағасың өскенінше балаңызды...
Дегенмен 
Артымызда қала
Берсін....
Ұрпақтар,немере мен
Шөбереміз !!!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 6601 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурызды тойлау /бесікке салу

Наурызды тойлау сценарийі

Бесікке салу дәстүрін көрсету

дайындаған Жанар Аманғалиева

 

Сынып іші наурыз нақыштарымен әдемі безендірілген. Көрініске ата-аналар, мұғалімдер, балалар қатысады.

 

1-көрініс. Бесік сатып алу.

 

Әкесі: - Саламатсыз ба, қария!  Мына бесігіңіз қанша тұрады?

Қария: - ә, шырағым, ала ғой. 20 мың теңге.

Әкесі: - қойыңыз, ол қымбат емес пе, атай? 15 мыңға беріңіз.

Қария: - әй, көргенсіз, бесіктің бағасын ешқашан саудаламайды қазақта.

Әкесі:  - ой, қария, сіз ренжімеңіз, шынымен қымбатсып тұрмын. 

Қария: - балам, есіңде болсын: бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына алып жүре береді.

Әкесі:  - қымбат болса ше?

Қария: - бесік жасайтын шеберлер аса ынсапты, ниетті келеді. Олар киелі дүниенің бағасын аспандатпау керегін жақсы біледі,  балам.

Әкесі: - мына бесік неден жасалған?

Қария: - Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Себебі «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деп ұққан.

Әкесі: - ал мынау не ілініп тұрған.

Қария: - ол бесіктің бір түрі – аспалы бесік.

Әкесі: - мақұл, ата. Әңгімеңізге рахмет. көп нәрсені білдім. Алайын бесікті. Мінеки 20 мың теңге.

Қария: - мынауың жөн. Сәбиің ғұмырлы болсын, халқының қалаулысы, елінің елеулісі, қоғамның  бетке ұстар азаматы болсын.

Әкесі: - рахмет ата, сау болыңыз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 35318 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз сценарий

 

Дайындаған Жанар Аманғалиева

Балалардың қатысуымен өткен НАУРЫЗНАМА-2010

 

Жүргізуші бала:

         Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

         Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

         Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

         Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

 

****** Сахна сыртынан шу естіледі***************

 

Жүргізуші бала:

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 45005 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

(Тақырыптық кеш)

 

Ана тілі бәрінен де биік- ханнан да,      

қарадан да. Саясатшылар келеді,

кетеді, ал ана тілі – мәңгілік.  

Осыны есте ұстайық.                             

Марат Қабанбай.

 

Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Дайындық кезеңі: Оқырмандарға ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер жаттап келуге тапсырма беріледі.

Безендірілуі: "Қазақ тілі – болашағым, ертеңім...” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылады, нақыл сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың портреттері ілінеді. 

 

Сахнаға екі бастаушы шығып, М.Қанафияұлының "Жасай бер, ана тілім!” өлеңін оқиды.

 

1-бастаушы:        Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

                            Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

                            Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

                            Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

 

2-бастаушы:        Жанымды жадыратқан бала тілім,

                            Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

                            Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

                            Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 26205 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

Наурыз тойының сценарийі

Наурыз тойының қалалық салтанатты шеруі «Көш-керуен»

М.Қазбеков құрастырған НАУРЫЗ жаңғырған салт-дәстүрлер кітабынан

         Наурыз мейрамының салтанатты «Көш-керуен» шеруіне қатысушылар рет-ретімен сап түзеді.

1.    Атқа мінген үш жаршы қолдарына мегафон ұстап, сап басына қатар тұрады. Олар басына айыр қалпақ, үстеріне сырмалы жеңіл шапан, аяқтарына шоңқайма етік киіп, белдерін белбеумен буынады.

2.    Оң қанаты алтын, сол қанаты күміс күн шақырушы Қоразды қолына ұстаған салт атты.

3.    Безендірілген күймеде басына бөрік, үстіне шапан киіп, белін шашақты белбеумен буынған, үкілі домбырасы бар, иман жүзді, ақ сақалды қария мен ұлттық киім киген Астана аруы отырады.

4.    Жыл белгісі –Қар барысын 12 студент (алтауы қыз, алтауы жігіт) көтеріп жүреді. Оларды айнала төңірек қазақтың ұлттық киімдерін киген қыздар қошаметтеп жүреді.

5.    Шығыстың киім үлгісінде киінген 6 кернейші.

6.    «Құт-Береке» автомашинасы – «Шашу». Машина үстіне ұзына жол бойына шашу шашатын ұлттық киім киген қыз жігіттер орналасады.

7.    Үстеріне шапан киіп, бастарына сәлде ораған, қолында ұзын дүрбілері мен қолтықтарында қысқан киіз кітаптары бар 5 жұлдызшы.

8.    Сәнді-салтанатты «Ертегінің ауылы». Машина үстінде фольклорлық-этнографиялық ансамблі орналасады.

9.    Бес түлік мал иелері: Қамбар ата, Шопан ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шешек ата.

10.          Наурыз туын көтерген, ұлттық киім киген 12 жігіт.

11.    Қыс пен Жаздың  күресін бейнелейтін Зымыстан мен Табысқандар тобы, 40 кейіпкер.

12.    Ертедегі қазақ ауылының сәнді-салтанатты көшін бейнелейтін «Қарқаралы көш».

13.    Автомашина – «Көкат». Үстіне Асанқайғы, Жиренше, Алдаркөсе, Қарашаш, Ертөстік, Тазша бала, Шығайбай, Ақан сері орналасқан.

14.    Ақ есегіне мінген Қожанасыр мен қуыршақ ат мінген 16 жігіт.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 3039 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Поздравления Туған күні (с Днем рождения)


Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.

Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.

Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есигіңнен кіргенмен таң күліп

Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болалмайды ол мәңгілік.

Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

 

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.

Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.

Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған

Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған

Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,

Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннін бақшасында піспейтін

Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 2242 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Туған күні құттықтаулар мен тілектер, пожелания и стихи с Днем рождения на казахском языке



С Днем рождения!

Туған күніңізбен!


Пусть Ваш дастархан будет всегда изобилен!

Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!


Будьте здоровы, богаты и счастливы!

Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болаңыздар!


Пусть каждый Ваш день будет радостным!

Әр күніңіз қуанышты болсын!


Желаем здоровья, радости, благополучия, счастья Вам и вашим близким!

Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілеймыз.


От чистого сердца желаем счастья и успехов!

Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 6112 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Қымбатты мама!

Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.

***************

 

Әлпештеген, аялап асыраған,

Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.

Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,

Қиын-қыстау күнде де жасымаған.

Сыздағасыз,

Сан рет мұздағасыз,

Шәкіртке де,

Бізге де ізгі анасыз.

Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,

Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.

Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,

Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.

Аялаған аққуын айдындай боп

Асыл Ана, жүре бер арамызда!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 15833 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 111-120 121-130 131-140 141-148