| Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер |
| В категории материалов: 81 Показано материалов: 61-70 |
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған
«Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.
|
|
Жеңіс күніне арналған сценарий Гульмира Шарипова Автор: Гульмира Шарипова Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушылармеды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан сғысы туралы буклет, үнтаспа, гүлдер, шарлар.
Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру.
Мұғалім:
-Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы 9 мамырдабұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 65 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығы. |
|
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық» Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеттері: -Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту. -өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. -өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері. Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке» |
|
1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! 2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер! 1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. 2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. 1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. 2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. 1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін! 1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! |
|
Шілдехана тойы қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі. Яғни, өмірге іңгәлап келген сәбидің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шағы. Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туыстары, құда-жекжат, достары, ұжымдастары, көршілері, жалпы көңіл жақын адамдары шақырылады. Арнайы шақыру хаттарын жасатқан жөн. Отбасының қуанышы қызықты өтуі үшін алдын-ала әзірлік жасалсын. Бұл тойдың жинақы, мәнді де сәнді өтуіне бірден-бір ықпал етеді. Сондықтан тойды қалай бастап, қалай аяқтаудың да өзіндік мәні зор екенін есте сақтаған абзал. Адам сезімін оятып, ақыл, сана, түйсік көздерін аша білетін небір жан тебірентерлік сөздер халқымыздың рухани қазынасында мол. Сондай сөздермен қонақтарды таныстырып отырса, тойдың сәні кіре түсері даусыз. Бірақ тойды асабаның бастауы міндет емес. Той иесі – үлкен ата-әжесі, әке-шешесі бастап, содан кейін барып асабаны халыққа таныстырса жарасымды болып шығады. |
|
Дайындық кезеңі: Кейінгі жылдары «Аруна баспасынан шыққан «Ежелгі Қазақстан», «Алтын Орда» қазақ балалар энциклопедисымен және осы баспадан шыққан «Аңызға айналған жерлер», «Ежелгі қалалар», «Ұлы жібек жолы» т.б. кітаптары бойынша көрме ұйымдастыру керек. Ұлы Жібек Жолының Қазақстан жерінен өтетін бөлігінің үлкейтілген картасы дайындалады. Балалар алдын ала осы көрмелермен танысады. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалалар мен тарихи ескерткіштердің суреттері бойынша алдын-ала слайд жасап, шара болған күні қолдану керек. Балаларға шара өтерден біраз уақыт бұрын Қазақстанның ежелгі қалалары туралы аңыз, ертегі, өлеңдер оқып, жаттап келу тапсырылады. (Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйінің әуенімен бірге экраннан ежелгі қазақ сахарасында жатқан Жібек жолының бойындағы керуен тізбегінің бейнесі жылжып өтіп жатады)
Тарих ата: Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. |
|
Тұсаукесер Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер - әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт. Тұсаукесер тойы Кез келген тойдың жақсы өтуі тікеле тойды басқарушы адамға байланысты. Сондықтан да той асабасына өте жауапты міндет жүктеледі. Тойды жүргізу барысы, тілек айтушылар тізімі, үзіліс кезіндегі ойын-сауық түрлері және табақ тарту, той бастау салттары жайлы ойлар алдын-ала талқыланады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашуын дайындап тұрады. |
|
Астана мектеп кз сайтынан «Тұсау кесер» салты. І-жүргізуші: Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем. |
|
Сүйем сені, туған елім! Төменгі сынып оқушыларына арналған саяхат - ойын
Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады. Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал-мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді. Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады. Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б. Керекті құралдар: Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз. |
|
Сүндет той Сүндеттой – ежелгі дәстүрлердің біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман ерекшеліңтерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық дәстүрінен айрылмауға тырысайық.
Той өтетін жердің (дәмхананың, мейрамхананың, т.б.) есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады. Жиналушылардың жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды. Келген қонақтар сүндет тойға құр қол келмейді. Баланың мұсылман болған құрметіне алды боталы түйе, құлыгды бие, соңы қозылы қой (немесе, бүгінгі өмір талабымен: аудио-видео аппаратуралармен, компьютерлік ойыншықтар, жақсы тігілген фирмалық киімдер, велосипед, т.б.) тарту етіп, «көрімдігі» деп ақшалай да сыйлық беріп жатады. Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды. Жұрт жиналып болғаннан кейін асаба той бастайды: |








