Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 18.9.2019
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

В категории материалов: 81
Показано материалов: 51-60
Страницы: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

8 наурыз тәрбие сағаты сценарий(Әйел-ана,әйел-ұстаз,әйел-басшы,әйел-кәсіпкер)

 

              Тақырыбы:Әйел-ана,әйел-ұстаз,әйел-басшы,әйел-кәсіпкер.

Абылаева Тамиристің «Ана»туралы баяндамасы.
Кешті «Анашым»әнімен бастадым.
М.Мақатаевтың «Әйелдер-ай» өлеңін бейне таспадан тыңдаттым.
1-жүргізуші: 8-наурыз 2013 жылдың көктемі,
                       Қыстың кетті аязының өктемі.
                       Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
                       Күндей болып жарқыраңдар көктегі.
2-жүргізуші: Әйел,қыздар сендер көктем гүлісің,
                      Ақындардың өлең арнар жырысың.
                      Ұрпақ жалғап,өмір сыйлап адамға,
                      Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 3348 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Наурыз мейрамы сценарийлер(Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем )

 

Тақырыбы:  Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем 
Мақсаты: Наурыз мейрамы  туралы  түсінік беру  арқылы қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін  көрсету,  тіл  байлығын  дәріптеу, қолөнер   бұйымдарын  көрсету  және  оларды  құрметтей  білуге  тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  көктем  тақырыбына  оқушылардың салған  суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар,  ұлттық  тағамдардан  әзірленген  дастархан, қолөнер  бұйымдары.
1-жүргізуші:  
Қош келіпсіз,  құрметті   ата-аналар,
Жүздеріңнен  мейірім мен  нұр тамар.
Алдарыңда  жауқазында  құлпырған
Балғын  жүзді  біз  бақытты  балалар!
2-жүргізуші:  
Армысыңдар  мұғалімдер, әз  жандар,
Білім  іздеп, инемен  құдық  қазғандар.
Құшақ  жая   қарсы  аламыз   сіздерді
Би  биленіп,  ән  де  бүгін  шырқалар!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 1949 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Ұлттар достығы – фестиваль сценарий

 

Тақырыбы: Ұлттар достығы – фестиваль 

Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:
 Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке - Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған «Ұлттар достастығы» фестиваліне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
 Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.

Жүргізуші:: 
                                                     Туған тілім тірлігімнің айғағы
                                                   Тілім барда айтылар сөз ойдағы
                                                    Өссе тілім, мен де бірге өсемін
                                                    Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдыретті.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 20942 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

8 наурыз сценарий қазақша (Халықаралық әйелдер күні)

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана - өмір шуағы»

Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты,  анаға деген бала махаббатын нығайту. 
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға
газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Ансар:Ананың сүті – бал,
Жанна:Баланың тілі – бал.
Ансар:Күннің шуағы – жылы,
Жанна:Ананың құшағы – жылы.
Ансар:Ана – үйдің берекесі,
Жанна:Бала үйдің – мерекесі.
Ансар:Ана сүтін ақтамағанды,
Жанна:Ешкім мақтамайды.
Ансар:Ана – өмір себуші.
Жанна:Қыз ақылы анадан.
Ансар:Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 12646 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Студенттердің қоштасу кеші сценарий

 


Тақырыбы: Қош бол, студенттік кездер-ай!
Мақсаты: Колледж бітіруші түлектерді жаңа өмірге басқалы отырған қадамдарымен құттықтап, ақ жол тілеу.
Мұғалім:
    Құрметті ұстаздар бүгінгі менің тобымда өткізіліп отырған «Қош бол, студенттік кездер-ай» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 4жыл бойы ащы мен тұщыны бірге татып жүрген студенттермен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші:     Студент қой еліміздің қаны, жаны
            Студенттік кезден басталады бәрі-бәрі
            Бүгінгі қоштасу салтанатына
            Шырқалсын Қазақстан әнұраны
2-жүргізуші:    Армысыздар, мұғалімдер-әз жандар
            Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
            Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
            Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 25561 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Жаңа жыл сценарий балабақша 2013-2014

 

 

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән: «Кел, кел жаңа жыл!»

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 14778 | Добавил: Admin | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Жаңа жылға арналған сценарий 2013-2014

 

 

Мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 17608 | Добавил: Admin | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.
Түрі: кездесу
Өтілу барысы: Бөлме ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 61 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 66 жылдығы.
Қазақша сценарийлер | Просмотров: 6092 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

7 мамыр отан қорғаушылар күні сценарий

Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы
Туған жылы: 12.01.1985 ж
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Білімі: Жоғары
Еңбек өтілі: 7 жыл

Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры А.А.Талпаховқа береміз.
Қазақша сценарийлер | Просмотров: 10161 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

9 мамыр жеңіс күні сценарий балабақшада

Мақсаты: жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу. 
Барысы. 
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар!Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. 
Хор-« Жеңіс жыры »,әні С. Жаппарова, 6-7 сынып оқушылары –жетекшісі музыка пәнінін мұғалімі Сейфуллина Қ. С. 
Арнау - 10 сынып оқушысы Сатыбалдин Манарбек
2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні, 
Жақсы үміттің шырағы жанды міне! 
Аспан бетін қаптаған қара тұман 
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті! 
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті! 
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз, 
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2-жүргізуші: Не забыть нам этой даты, 
Что покончила с войной. 
Победителю- солдату, 
Сотни раз поклон земной!
Қазақша сценарийлер | Просмотров: 27586 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 81-81