Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 22.6.2017
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

В категории материалов: 81
Показано материалов: 81-81
Страницы: « 1 2 ... 7 8 9

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Наурыз тойының сценарийі

Наурыз тойының қалалық салтанатты шеруі «Көш-керуен»

М.Қазбеков құрастырған НАУРЫЗ жаңғырған салт-дәстүрлер кітабынан

         Наурыз мейрамының салтанатты «Көш-керуен» шеруіне қатысушылар рет-ретімен сап түзеді.

1.    Атқа мінген үш жаршы қолдарына мегафон ұстап, сап басына қатар тұрады. Олар басына айыр қалпақ, үстеріне сырмалы жеңіл шапан, аяқтарына шоңқайма етік киіп, белдерін белбеумен буынады.

2.    Оң қанаты алтын, сол қанаты күміс күн шақырушы Қоразды қолына ұстаған салт атты.

3.    Безендірілген күймеде басына бөрік, үстіне шапан киіп, белін шашақты белбеумен буынған, үкілі домбырасы бар, иман жүзді, ақ сақалды қария мен ұлттық киім киген Астана аруы отырады.

4.    Жыл белгісі –Қар барысын 12 студент (алтауы қыз, алтауы жігіт) көтеріп жүреді. Оларды айнала төңірек қазақтың ұлттық киімдерін киген қыздар қошаметтеп жүреді.

5.    Шығыстың киім үлгісінде киінген 6 кернейші.

6.    «Құт-Береке» автомашинасы – «Шашу». Машина үстіне ұзына жол бойына шашу шашатын ұлттық киім киген қыз жігіттер орналасады.

7.    Үстеріне шапан киіп, бастарына сәлде ораған, қолында ұзын дүрбілері мен қолтықтарында қысқан киіз кітаптары бар 5 жұлдызшы.

8.    Сәнді-салтанатты «Ертегінің ауылы». Машина үстінде фольклорлық-этнографиялық ансамблі орналасады.

9.    Бес түлік мал иелері: Қамбар ата, Шопан ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шешек ата.

10.          Наурыз туын көтерген, ұлттық киім киген 12 жігіт.

11.    Қыс пен Жаздың  күресін бейнелейтін Зымыстан мен Табысқандар тобы, 40 кейіпкер.

12.    Ертедегі қазақ ауылының сәнді-салтанатты көшін бейнелейтін «Қарқаралы көш».

13.    Автомашина – «Көкат». Үстіне Асанқайғы, Жиренше, Алдаркөсе, Қарашаш, Ертөстік, Тазша бала, Шығайбай, Ақан сері орналасқан.

14.    Ақ есегіне мінген Қожанасыр мен қуыршақ ат мінген 16 жігіт.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 2154 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 61-70 71-80 81-81