Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

Мекемеде Наурыз сценарийі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні!»

 

«Сүгір-ай» күйі ойнап тұрады.

 

Жүргізуші:                   Құрметті әріптестер!

 

         Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!

Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы.

 Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз!

 

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

 

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған өзіміздің «Наурызнамамызды» бастаймыз.

 

  «Көңілашар» күйі.

 

Жүргізуші:

Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі. Осы сандарға байланысты ұғымдар көрініс тапқан таным түрлерін есімізге түсірейік.

1. Сандарға байланысты ұғымдар.

Ойынның тәртібі:

 

Жүргізуші:

2.«Ұтыс» ойыны, сайыс сабақ.

Ойынның тәртібі: қазіргі қойылатын сұрақтарға командалар кезекпен жауап береді, ойынның талабы өзге ұлт өкілдерінің ойынға қатысуы сұралады.

 

1.     Қазақ халық ұлттық ойындарын атаңыздар.

2.     Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын атаңыздар.

3.     Қазақ халықының ұлттық аспаптарын атаңыздар.

4.     Қазақ халқының ұлттық сусындарын атаңыздар.

5.     Қазақ халық ұлттық әшекейлерін атаңыздар.

6.     Сандарға байланысты мақал-мәтелдер.

 

Жүргізуші:

Қазақтың тойы, мереке-мейрамы балуандар күресінсіз, күш сынасусыз өтпеген. Қазір балуандар күресін өткізбесек те, білек сынастырып, жігіттеріміздің мықтысын тағайындайық. Ортаға батыр жігіттерімізді шақырамыз.

3. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Білектесу».

 

Жүргізуші:

4. «Кім жүйрік» ойыны.

Ойын тәртібі: Бұл ойынның мақсаты сөзден сөз құрау, жасау. Ортаға өзге ұлт өкілдері шақырылады. «Қарындас» сөзінен басқа сөздер құрап шығару. Ал сонымен, шыныменен кім жүйрік екен?

 

Жүргізуші:

Қазақтың көрген-білгені, өмірден түйгені халық ауыз әдебиетінің бір түрі мақал-мәтелдерден көрініс тапқан. «Ердің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал» деген де қазақ. Ендеше, мақал-мәтелдерден жарысайық.

5. Мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру/ берілген мақалдарды жалғастыру/.

 

Жүргізуші:

6. Ою ою.  Саусақтары майысып, ою ояр жайғасып, дей отыра, - ортаға өнерлі қыз-келіншектерімізді шақырамыз.

 

Жүргізуші:

Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі - жұмбақ. Ол тапқырлықты, ұшқыр ойды ұштайды. Енді осы жұмбақ шешіп көрейік.

7. Жұмбақтар шешу.

 

         Наурыз тойы «селт еткізер» рәсімімен аяқталады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша сценарийлер | Добавил: Admin (12.11.2013)
Просмотров: 1174 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]