Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым өлеңі (Абай Құнанбаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
 Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың? 
Ұқпайсың өз сөзіңнен баска сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
 Өзімдікі дей алмай өз малынды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде — ұйқың. 
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн — бұртың. 
Бас-басына би болған өңкей қиқым, 
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? 
Өздерінді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын? 
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
 Сапырылды байлығың, баққан жылқың. 
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (04.11.2016)
Просмотров: 238 | Теги: абай, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]