Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 23.5.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Таудағы көктем өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ТАУДАҒЫ КӨКТЕМ

Сай-саланы 
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай
Көп баладай
Күбір-күбір кеңесті.

Қасқа бұлақ
Тастан құлап
Бара жатыр шапқылап.
Шыңылдаған,
Сыбырлаған
Айқай тастар — саққұлақ.

Бір жүрекпен 
Дір-дір еткен
Жасыл талдар, жас талдар. 
Еміренген,
Тебіренген
Ақбас Ата — асқарлар.

Күннен — бөркі,
Гүлден — көркі,
Тау тамаша, тау алып. 
Қатпар басын,
Шатқал, тасын 
Көрген сайын жаңалық.

Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай. 
Бала шағың,
Болашағың
Көктеп келе жатқандай.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (23.12.2016)
Просмотров: 341 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Көктем | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]