Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

ОҢАЙ СӨЗ ҒОЙ «ОТАНДЫ СҮЙЕМ» ДЕГЕН

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды иемменен?» 
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой, 
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не?
...Егер Отан сыңсыған орман болса,
 Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Самалы бол Отанның салқындаған, 
Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң. 
Семсері бол Отанның қынабында, 
Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала, 
Шуақ болып шашылмай жылына ма? 
Сүй Отанды! Шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал, ойына, қырына да.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (15.11.2016)
Просмотров: 112 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, отан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]