Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

Наурыз мейрамы сценарий


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Аула. Мерекелік безендірілген. Күйлер, наурызға арналған әндер орындалады.

Жүргізуші:

         Салтымен ата-бабаның

         Жаңғырды қайта заманым

         Тіршілік басы, о, Наурыз

         Қайырлы болсын қадамың!

Наурыз басталғанын хабарлап арнау оқиды, халықты көрісуге шақырады. Жаппай көрісіп, қол алысу рәсімі өтеді.

         Бата беру үшін Қыдыр атаға сөз береді.

         Қыдыр ата бата береді:

Ал тыңдаңдар батамды:

Ардақтаңдар атаны!

Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,

Топастықты кешпеңдер,

Ананың сүтін ақтаңдар,

Арларыңды сақтаңдар!

Жалқаулық жаудан жаман-ды,

Жеңіңдер оны күреспен:

Жеңіске жетер бірлескен.

Кең пейіл,  дархан халқымыз,

Кеңейді дәстүр-салтымыз;

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дүстүрлі салтты тойлаңдар!

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Әумин!!!

         Жүргізуші қадірлі қонақтарды таныстырады және оларға сөз береді.

         Жүргізуші қонақтарды, халықты ағаш егуге шақырады. Музыка ойнап тұрады. Ағаш егіледі.

         Осыдан кейін қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетіледі.

1.    Келін түсіру. Бет ашар.

Сәукеле киген қалыңдықты екі жеңгесі екі жағынан сүйемелдеп жұрттың алдына алып шығады. Олардың қарсы алдына ақын келіп домбырамен (сырнаймен) беташар жырын айтады. Ата-баба аруағына, тойға қатысып отырған үлкен кісілерге өлеңмен аттарын атап, сәлем беруге келінді шақырады. Екі жеңгей келінді ілестіре иіліп, жұртшылыққа сәлем береді. Әр сәлем сайын аты аталған адамдар, жұртшылық ризалық алғыстарын білдіріп отырады. Қыдыр ата бата береді.

2.    Тұсау кесу.

Жасы бірге толған, қазақша жасандырып киіндірген, үкі таққан бір немесе бірнеше баланы (ұл не қыз) қаумалаған елдің ортасына алып шығады. Жүргізуші тұсау кесу дәстүрінің мән-маңызын түсіндіріп, хабарлайды. Елге сыйлы ұл болса – ағаны, қыз болса – апаны ортаға шақырады. Баланың тұсауын кесіп беруге шақырады.

Тұсау кесуші баланың аяғына жіп байлап, ырымдап бәкімен (қайшымен), көк шөппен тұсауды кеседі. Тұсау кесу сөзін айтады. Ала жіпті байлағаным, адамның ала жібін аттама дегенім. Көк шөппен кескенім, басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ болсын дегенім деп ырымдайды.Қызыр ата бата береді.

3.    Балалар күресі. 5 жұп  10 бала кілемге шығып күреседі.

4.    Балалар сурет салу сайысы.

5.    Отбасылық эстафета жарыс.

6.    Қызметкерлердің өнер көрсетуі: ән салуы.

7.    Арқан тарту. Тұрғындар екі команда болып арқан тартысады.

8.    «Наурыз көже» жарысы. Дәмге шақыру.

9.    Музыка ойналып, балалар би билеп, той жалғасады.

*****

Наурыз мейрамына арналған басқа сценарийлер:

Балабақшаға наурыз мейрамына сценарий

Наурыз сценарий мекемеге

Наурыз мейрамы сценарий

22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)

22 наурыз сценарий слайд слайд,презентация


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша сценарийлер | Добавил: Admin (16.12.2014)
Просмотров: 3716 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]