Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)

 

Сабақтың тақырыбы: Наурыз думан

Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!» мақал – мәтелдер,жұмбақтар,ұлттық киімдер,құрақ көрпеше, бесік.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.

1 –оқушы: Бүгін күн – түн теңелді,
    Жер шуаққа кенелді,
    Соны тойлар ел енді.

Жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

Күн: Сәулесі мол күнмі 
Түн : Жұлдызы мол түнмін.
Екеуі: Бірдей болып бізде 
            Теңелеміз бүгін

Түн: Ал ертен күн ұзақ 
Күн: Түн қысқарар бірақ
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек жылап

2 – оқушы: Өмір бағы жайнасын,
                     Бақта бұлбұл сайрасын
    Өркендесін тіршілік,
    Өсіремін бір шыбық

3 – оқушы: Тыныш болсын даламыз,
    Таза болсын ауамыз!
    Түгел болсын нуымыз,
    Тұнық болсын суымыз.

Би:  Келді наурыз жар салып,
        Би билейік, ән салып
        Жылда келсін Ұлыс күн
        Тұрайық есен қарсы алып.


Хор: «Жау, жау, жаңбыр»

Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.

Үйдің ішінде дастархан жаюлы.Қыз – келіншектер кәде – жораларым, шашуларын алып келіп жатыр.                                                                                                                       Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын! 
Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!
Дастархан басындағы әңгіме: 
Апасы: Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар.Ендеше Гүлназ апа сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз – келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.

Гүлназ апа: Кәне, бесікті әкел.Бесік - өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер      жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.

Балалар: Апа мына бесік тесік қой.
Жамал апа: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық./ тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі.

Гүлназ апа енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып бесікті бәле - жәледен аластайды.Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.

Әжесі: Ал Гүлназ мынау сенің сыйың.Гүлназ апаға және оның немерелеріне  көйлек жабдық сияқты сый тартылады.


Әжесі бата береді:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл,өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандықтан тәлім алмасын! 

Апасы: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтата қой.
Гүлназ апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани ана тілінде қабылдайды.

Қыз – келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата – бабамыздың қалған қазақтың әдет – ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.

Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.


Хор: « Ақ дидарлы анашым»

Ойын ұйымдастыру.


Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт – дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту.Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған Наурыз думан атты кешіміз аяқталды. Жылдан жылға аман – есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.

 

Наурыз мейрамына арналған басқа сценарийлер:

Балабақшаға наурыз мейрамына сценарий

Наурыз сценарий мекемеге

Наурыз мейрамы сценарий

22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан)

22 наурыз сценарий слайд слайд,презентация


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша сценарийлер | Добавил: Admin (12.06.2014)
Просмотров: 8664 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]