| Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет |
|
загрузка...
22 наурыз сценарий слайд,презентация
Келіңіздер! Көріңіздер! Сіздерді “Армысың, әз Наурыз!” мерекелік кешіне шақырамыз! Кеште Әуезов жұлдыздары: жезтаңдай әншілер, мың бұралған бишілер, Тұрғызба продакшн әзілдері, ертегі кейіпкерлері,әжелер ансамблі өнер көрсетеді, әр түрлі спорттық жарыстар, алтыбақан ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылады. Ұйымдастырушылар: 9 “а,т” оқушылары Өтетін уақыты: 19 наурыз 2014 жыл сағ: 12-00 Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан, шарлар. Түрі: Мерекелік сазды кеш Руза:- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен ұлыстың ұлы күні Наурыз тойы Құтты болсын! Қайрат: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ақтоты: Күн мен түн теңеліп жаңа жылдың бастауы болған әз Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Р:Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Қ:Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. А:Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі. Р:Ендеше құрметті халайық бүгінгі мерекелік кешіміздің шымылдығын ашатын мектебіміздің бишілерін қабыл алыңыздар Би Шашу Қайрат: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық, Билейік, жыр жырлайық, ән салайық. Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді, Арқаңды кеңге созшы, уа халайық. Қара жорға биі (5т сынып оқушылары) Наурыз мейрамына арналған басқа сценарийлер: Балабақшаға наурыз мейрамына сценарий 22 наурыз сценарий қазақша(Наурыз думан) 22 наурыз сценарий слайд слайд,презентация
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
|
|
|
| Просмотров: 9835 | | |
| Всего комментариев: 0 | |












