Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 22.7.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Ақпан өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

АҚПАН

Ақпан, ақпан, Қыс әлі.
Ақ түтек аяз қысады,
Арылмай жатыр даладан 
Ақсақал қыстың құшағы.

Аппақ қар тақтақ жолдарда 
Жақсы аттар, шана заулайды. 
Адыр мен қырқа, жондарда 
Ал қызыл түлкі аунайды.

...Айтса да, достар, осы айда, 
Туыпты біздің солдаттар.
Берік боп тұрсын осы ойда, 
Сыйыңды жақсы арнап бар.

Айтуынша Атаңның,
Күн де ұзарды нар адым. 
Жұмысы көп қой апаңның, 
Көмектес оған, қарағым.

Жалқаулық әсте, жаман іс, 
Өнбейді одан бір шыбық 
Оқу мен еңбеқ демалыс, 
Барлығын қоссақ — Тіршілік.

Ақпан, ақпан, Қыс әлі.
Келеді қашан құс әні? 
Қарлығаш, тырна, бозторғай 
Қалықтап қашан ұшады?..


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (17.12.2016)
Просмотров: 271 | Теги: Ақпан, Мұқағали, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]