Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 17.1.2020
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 86
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 8 9 »

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖОБАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жобаны маркетингтік талдау 
1.2 Техникалық талдау
1.3 Қаржылық талдау
1.4 Экономикалык талдау
1.5 Институцноналдық талдау
1.6 Тәуекелді талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ














КІРІСПЕ

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2460 | Загрузок: 676 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ
 
Ж.Ж. Ізбасарова 
«Тараз-Ғасыр» колледжі, Тараз қ.

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2143 | Загрузок: 119 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

І. Кіріспе
Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық  тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.  
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2459 | Загрузок: 156 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Жеке адам өміріне қатысты  құжаттар.
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
1. өмірбаян                                                                                                             
2. түйіндеме                                                                                                                                  
3. жеке іс парағы                                                                                                 
4. визит карточкасы                                                                                            
5. өтініш                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
6. арыз                                                                                                                    
7. мінездеме                                                                                                           
8. кепілдеме                                                                                                                                   
9. кеден мағлұмдамасы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
10.  жеделхат                                                                                                              
           
1. Өмірбаян.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай  өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз», 
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті   өмірде   ең   жиі   қолданылатын   құжаттың   біріншісі  - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.


Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 3107 | Загрузок: 303 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ЖАСТАРДЫҢ  ЖҮРЕГІНЕ  ЖАРА  САЛҒАН  ЖЕЛТОҚСАН

Е.Төлеубек, Т.Қ. Қасенова
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты, Павлодар қ.

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне 
15 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының  қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық  атқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті .Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты.Талай жылға созылған осы күрес  халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты. Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған  да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой!
 Тәуелсіздік үшін күрес  бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды. 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі де осы тұрғыдан қаралып келеді. Ал шындығында  1916 жылғы оқиға империяның бүкіл шығысында болды. Ол сонау Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ешқайсысынан  кем емес-ті.
Аумалы-төкпелі аласапыран заманда, арпалысып өткен адамзат ғұмырында ұйыса, қанаттаса жүрген халықтардың Жер-Анадан қоныс тауып, құт мекенге айналдырған шекаралы, шекті аймағы қалыптасқаны мәлім. Бірінікі шөлді болар, бірінікі көлді болар, бірінікі нулы болар, бірінікі сулы болар ─ әйтеуір, кіндік кесіп, кір жуған жер әр адамда болатындығы айдай анық.
 Дана бабаларымыздың ең асыл армандарының бірі ─ туған жерден топырақ бұйыртса деп, тағдырына егіле, езіле тілейтін аңсарында қандай ғажап астар бар екенін есіңе еріксіз түсіресің.
Қазақ батыры Шынқожаның  денесі жау қолында қалғанда жан аяспай шайқасқан  жауынгерлер  өздері пір тұтқан батырдың бір ғана саусағын алып шығып, оны сол Аягөзге құятын Нарын маңындағы шағын төбеге  жерленгенін тебірене жазған поляк жиһанкезі Янушкевич далалықтардың бойындағы елге деген, жерге деген сезімінің, еріне деген құрметінің ересен екендігіне таңданыс білдіреді.
Қай кезден  де отаншылдық сезімнің  барлық халықтарға тән, жоғары екендігі белгілі. Сондықтан да болар Отанға деген ұлы махаббат, асқар сүйіспеншілік, туған жерге деген қастерлі, қасиетті сезімдер ─ үлкен ерліктердің, ғажайып батырлықтардың бастауы, қайнар көзі.
Осы ұлы планетамызда әлем халықтары арасында өзінің бүкіл болмысымен, мінез-табиғатымен, тарихымен, тілімен, ділімен, ән-жыр, әсем күйімен, тағы да басқа сан түрлі қасиеттерімен ешбір қайталанбас  қазақ халқы бар. Қазақ халқының бір ғана шаңырағы, бір ғана ұлы мекені, бір ғана Отаны бар. Ол ─ Қазақ Елі, Қазақ Даласы, Қазақ Жері, барша қазақ халқының кіндік қаны тамған жері ─ Қазақстан!
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 1110 | Загрузок: 130 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)





ӘОЖ 343.851.5:343.615(574) Қолжазба құқығында







ҚАРАМЫРЗА ЖАРҚЫНБЕК ТАҒАЙБЕКҰЛЫ


Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы
және оның алдын алудың проблемалары




12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология;
қылмыстық-атқарушылық құқығы




Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертациясының

Авторефераты











Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
 
Жұмыс Д.А. Қонаев атындағы университетінің қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қорғау қызметі кафедрасында орындалды




Ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор
Алауханов Есберген Оразұлы


Ресми оппоненттері заң ғылымдарының докторы, профессор
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Ынтықбаев Манас Қапасұлы


Жетекші ұйым Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті




Диссертация 2008 жылдың 14 қараша айында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Академиясы жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі ОД 14.20.10 біріккен диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.

Диссертациямен Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Академиясы мен Қазақстан Республикасының Сыбайластық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) Академиясының кітапханаларында танысуға болады.




Автореферат 2008 жылдың «___» қазан айында таратылды





Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысының міндетін атқарушы,
заң ғылымдарының докторы, профессор Рүстемова Г.Р.
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Бұндай мәліметтерді біз Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2006 жылға дейінгі статистикалық мәліметтерінен көруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген (2000 және 2002 жылдардан басқа) қылмыстар саны бұл қаралып отырған кезең аяғында 61,2%-ға өскен.
Осы кезеңдерде Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен 15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан астамын жасағандар жастар (14-29 жастағылар). Мысалы, 2000 жылы Республикамызда 150 790 қылмыс жасалса, ондағы жас адамдардың үлес салмағы 52,9% болған, 2006 жылы 57%-ға жеткен. Әсіресе, студенттер арасындағы жағдай өте нашар. Қарастырылып отырған кезеңдегі студенттер қылмысы 12,5%-ға өскен.
Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2000–2007 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны 35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға көбейген.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2231 | Загрузок: 349 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

«Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері.



 

 XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық –жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылады.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2413 | Загрузок: 234 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Ғылыми концепциялар мәселесі

Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде – шынайы (табиғи) сондай  ақ жасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно-және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.
Адамды қоршаған орта жасанды техникалық орта мен қоғамнан құралған. Адам өз қолымен жасаған материалдық әлемнің барлығы да техникалық орта болып табылады (мысалға: үй хайуанаттары, дәрі - дәрмек, киім, механизмдер, үйлер және т.б.). Техникалық ортаны адамды қоршаған ортаның  табиғи психоәлеуметтік ортаға өту кезеңі, яғни, аралық өтпелі орта деп көрсетсек те болады. Техникалық орта адамның дене және ой еңбегінің, басқа сөзбен айтқанда білім мен ғылымның арқасында пайда болған. Техникалық орта адамзаттың табиғатты ұзақ жылдар бойы түпкілікті зерттеуінің арқасында қалыптастырылған (модельденген). Ал психоәлеуметтік орта болса (қоғам) осы қоғамға тиесілі  әлеуметтік-саяси институттардың негізінде қалыптасады және эволюцияға ұшырайды. Осындай институттар ретінде мемлекеттің құқықтық және идеологиялық негізі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен деңгейі, аталған қоғамда елеулі орынға ие болып отырған жанұялық, топтық, ұйымдық, рулық, ұлттық, діни, ғылыми және т. б. түрлі әдет - ғұрып, салт- дәстүрді көрсетсек болады. 
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 1104 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде әсіресе соңғы жылдары көбірек көңіл бөліне бастаған антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің нәтижесі этностың байырғы тұрмыс-тіршілігінің, қазіргі болмысы мен өткендегі өмір сүру тәжірибесінің, күнкөріс мәдениетінің, өзіндік ежелгі заттық және рухани құндылықтарының түрлі тілдік көріністері тек лексика мен фразеологияда ғана емес, ономасиологияда да, фоносемантика мен перифразалық құбылыстарда да көрінетінін дәлелдеп отыр. 
Осымен байланысты барша тіл байлығына этнос танымы тұрғысынан мағыналық талдау жасау – «идиоэтникалық семантикасына барлау жасау» деген сөз. Себебі «...көпшілік қауымның білетіні лексикалық бірліктердің бойына тән мағынаның толық ауқымы емес, жарым-жартысы ғана, яғни көбінесе күнделікті өмірде өзара қарым-қатынас жасауға қажетті «үстіңгі қабаттағы» лексикалық мағыналары ғана. Ал олардың екінші деңгейдегі «ауыс, туынды, келтірінді, идиомалық, фразеологиялық» мағыналар тобына келсек, олар көбінесе тілдік ортада қалыптасқан дәстүрлі «мағыналық символ» ретінде сөйлеу контексіне қарай қолданылғанымен, түп-төркіні баршаға айқын емес. Мәселен, көзіне шөп салу, шөп басын сындыру, итарқасы қиянда, көзайым болу, шөпжелке, шүйкебас сияқты тіркестердің ауыс, идиомалық мағыналары бізге түсінікті болғанымен, олардың тілде пайда болу уәждерін бірден айтып беру оңай емес, өйткені олардың астарында этнолингвистикалық факторлар жатыр. Міне, сондықтан да әр алуан лексикалық бірліктердің осы екінші деңгейдегі мағыналарын біз шартты түрде этнолингвистикалық мағыналар деп атадық» [1, 21]. 
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 2067 | Загрузок: 324 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл еңбек "Арқалық батыр” жырының зерттелу тарихын, жырдың нұсқалылығын, осы күнге дейін сақталған барлық нұсқаларын толық, тұтастай, кешенді түрде қарастыруымен сипатталады. Жыр нұсқаларының образдар жүйесі мен көркемдік ерекшеліктері сараланып, бұрын-соңды жарияланбаған жаңа да тың дерек көздер көпшілік назарына ұсынылады, жырға арқау болған нақты тарихи оқиғалар мен жыр кейіпкерлерінің прототиптері нақты деректер арқылы айқындалады. Шығарма тілінің көркемдігі, ондағы суреттеулері, жырдың құрылымы мен мазмұнындағы өзгеге ұқсамас ерекше қырлары талқыланып,  терең байыпталады.
Қазақша курстық жұмыстар | Просмотров: 1373 | Загрузок: 270 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 ... 71-80 81-86