Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

ЖОБАЛЫҚ ТАЛДАУ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (113.5Kb) ] 23.02.2014, 23:34
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖОБАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жобаны маркетингтік талдау 
1.2 Техникалық талдау
1.3 Қаржылық талдау
1.4 Экономикалык талдау
1.5 Институцноналдық талдау
1.6 Тәуекелді талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ














КІРІСПЕ

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. 
Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу.
Осыдан келіп, бақылау жұмысының негізгі міндеттері туындайды:
- Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
- Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
- Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
- Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
- Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.
Бақылау жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.




НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖОБАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жобаны маркетингтік талдау

Маркетингтік талдауда да, тұтынушыпар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды сегменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек. Маркетинггік талдау нәтижесінің негізінде маркетингтік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек.
Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлдігін қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін азайтады.
Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық   сұрақтарының   түйісуі   келесі   блоктарды   атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты қолданылатын ақпараттардың шынайылығы болып табылады. Төменде   көрсетілген   блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
Нарықты зерттеу мақсаты - тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Сұрыныс пен өнімді өткізуді талдауда келесі сұрақтар қарастырылуы керек:
Потенциалды сатып алушы кім? Өнімді сатып алу себептері қандай? Сатып алу қалай жүргізіледі? Қандай ақпараттар керек және оларды қалай жинауға болады?
Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың, жергілікті, ұлттық немесе халықаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек. Нарыққа енген жаңа қатысушылардың (болашақ бәсекелестер) мүмкіндіктері мен мәнін және тауар алмастырушылар тарапынан (мысалы, мақта мен синтетика, алкагольсыз сусындар мен жеміс-жидек шырындары) бәсекені бағалау керек. 

1.2 Техникалық талдау

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек: 
1) технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек; 
2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
«Turn-kеу» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
«Рrоduct-in-hand» - «turn-kеу» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология   таңдау    ережесі    кейбір  альтернативті   технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторлары технологияны қолдануының келесі аспектілеріне негізделеді:
1. Сәйкес масштабтарда таңдалған технологияларды бұрынғы бойынша қолдану (нақты бір нарық үшін масштабтар аса үлкен болуы мүмкін).
2. Шикізатқа қол жеткізушілік (потенциалды жабдықтаушылардың саны  қанша,  олардың  өндірістік қуаттылығы қандай, шикізаттың  сапасы,   шикізатты  басқа тұтынушылардың  саны қанша, шикізаттың құны, жеткізудің әдісі мен құны, қоршаған ортаға қатысты тәуекелі).
3. Коммуникациялар мен коммуналды қызметтер.
4. Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне көз жеткізу керек.
5. Ең болмағанда технологияны сатушының өндіріспен серіктесе жүруі.
6. Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі (температура, ылғалдылық, т.с.с.).
7. Жүктемелік фактор (пайыз түрінде номиналды қуаттылықтан жобаның жағдайларымен) және толық өнімділікке сәйкес, тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектігі.
8. Экология мен қауіпсіздік.
9. Капиталдық және өндірістік шығындары.
Ең үздік техникалық шешімді таңдау үлгісі
1- кесте
Сәттіліктің негізгі факторлары Фактордың мөлшері Бәсекелестері 

    А      В        С    D
Бұрынғы қолдану
Шикізаттың жетімділігі 
Коммуникациялар мен 
Коммуналды қызметгер 
Патенті мен лицензиясының болуы 
Технологияның жергілікті 
жағдайларына бейімделуі 
Ауырлық факторы 
Экология мен қауіпсіздік 
Капиталдық және өндірістік 
шығындары 
Өлшенген критернйдің шамасы










       3                        6                  3                  2               0 
        5                        3                  4                  6               9
        2                        5                   3                 2               6
   
       1                         0                  0                  10             10
       2                         7                   5                  4               7

                  7                 4                  6                 8   
        4                       10                8                   5                3  
       5                         5                  4                  8                6

                143               109              136            147
1-кестеде көпбаламалы таңдаудың үлгісі келтірілген, онда әр фактор он баллдық шкала бойынша бағаланады.
Жалпыланған критерий мына формула бойынша есептеледі:
G ω= ω1 G1 + ω2 G2+...+ ωn Gn ,
мұндағы ω – жеке критерийдің салмағы, Gk – жеке критерийдің шамасы.
Критерийдің жоғарғы мәніне ие техникалық жоба ең жақсысы болып саналады. Қарастырған мысалымызда А және  D техникалық баламалары бірдей дерлік, бірақ D басымырақ.

1.3 Қаржылық талдау

Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі 
қаржылық жағдайына талдау жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық 
жағдайына талдау жасау.
3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен
ақша ағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы. 
Кәсіпорынның  бұдан  бұрынғы   қызметі   мен   ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. 
Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) мен тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін)  бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты – шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруға негізделген.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
жоба бойынша кэсіпорынның  инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
инвестициялық     қажеттіліктердің     қайнар     көздерін белгілеу (және ары қарайғы ізденіс);
инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы;
Жобаның іске асу мерзімінде оның өтелімділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, «ақшаның  құны уақыт өтуіне қарай» деген қағиданы есепке ала отырып сомалық  инвестиция   шамасын  жабуы   керек. Бұл   принцип бойынша: «Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен», яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша  ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан   төмен   мәнге   ие.    Ақша   ағымының   уақытты мәнділігін өлшейтін сипаттамсы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвесициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 1394 | Загрузок: 594 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]