«Аяз атаның сыйлықтары»
(Залда әсем әуен ойнап тұрады.Ортада жарқыраған шырша жанында сиқырлы құлыптаулы сандық тұрады. Екі жүргізуші кілтты іздеп, балаларға Аяз атаның сыйлықтарын алып бергісі келеді. Оларға балалар көмектеседі)
Залға бірінші жүргізуші кіреді, соңынан екінші жүргізуші кіреді.
1-Жүргізуші: (персонаж) Ой, мынаны қара, қандай әсем безендірілген шырша!Көзімді ала алмай тұрғанымды қарашы, бұл шырша не үшін тұр екен?
2-жүргізуші: Бұл шырша біздің балалар үшін әсем безендірілген. Сәлеметсіздер ме, балалар, ата - аналар, қонақтар! Жаңа жыл әлемдегі ең көп әрі керемет тойланатын мереке.Бұл күні қуанбайтын жан болмайды, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, адамдар бақыт құшағында жүреді екен. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
1-Жүргізуші: Мына керемет сиқырлы сандықты кім кұлыптап қойды екен? Бұл сандықтың ішінде не бар екен?
2-жүргізуші: Ал, осы балаларға арнап сандықтың ішіндегі Аяз атаның тастап кеткен сыйлықтарын алып беруіміз керек. Бірақ, оны сиқырлап құлыптап кетіпті. Балалар бізге кілтті іздеуге көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз!
2-жүргізуші: Олай болса, жүріңдер! (шыршаны айнала ән айтады)
Ән «Аппақ-аппақ жапалақтап»
(Осы кезде алдарынан бір топ қояндар шығады, қолдарында кілт бар)
1-Жүргізуші: Мәә, кішкентай тентек қояндар екен ғой, кілтті алып кеткен. Біз ... Читать дальше »
|
Аялайық ананы!
Мақсаты: Оқушылардың бойына ананы сыйлауды,құрметтеуді қалыптастыру,үлкенге қызмет көрсетуге тәрбиелеу.
Балаларды жол сияқты тұрғызып, әнді қосып, аналарды кіргіземіз. Балалар аналарына гүл сыйлайды.
Тәрбиеші: Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділетті ұғамын дей отыра құрметті асыл аналар, ұстаздар қадірлі қонақтар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы борышысындай аналар мекрекесі келеді. Бәйшешек нәзіктігісіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады. Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға құт береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. "Аялайық ананы" атты ертеңгілік кешімізді бастайық.
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл ... Читать дальше »
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 1.10.2015
Тәрбиеші: Умбетова Л.
Тақырыбы: «Ұстаз деген – жарық күні ғаламның»
Мақсаты: Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру. Достық қарым-қатынас сезімдеріне, үлкеннің еңбегін бағалауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Оқуіс-әрекетініңкезеңдері Педагогтіңіс-әрекеті Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен, қалай амандасатынымызды көрсетейік.
«Ізгі сөздер»
Сонымен таңертең балабақшаға келгенде не деу керек екен? Күндіз кездескен адамдарға не дейміз? Кешке үйге қайтқанда қандай сөз айтқан дұрыс? -Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін,
«Кеш жарық!» деп кіремін.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
-Балалар, ... Читать дальше »
|
№2 жалпы орта білім беретін мектептің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Оразаева Айнұр Қазбөкенқызы
Мінездеме
Айнұр Қазбөкенқызы 1980 жылы 10 қыркүйекте Тұрғызба ауылында дүниеге келген. 1986-1997 жылдары №4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім мектепте білім алған .1997-2000 жылдар арасында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Мектепке дейінгі білім» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Ұстаздық жолын 2001 жылдан бастап №4 М.Әуезов мектебінде даярлық тобының тәрбиешісі болып бастады. 2002 жылы аудандық &la ... Читать дальше »
|
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жолдау-білімнің жаңа көкжиегіне жетелейді.»
Тәрбие сағатының мақсаты:Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаған жолдауын насихаттау.
Сол арқылы оқушыларды үздіксіз білім алуға шақырып, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелеу
Тәрбие сағатының көрнекілігі:Интерактивті тақта
Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең
Мұғалім:2011 ж 28 қаңтар күні сағат 11 00 –де республикалық телеарналарда Қ.Р президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тікелей эфирде көрсетілді. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында президент өз сөзін «Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық» деп бастап еліміздің жетіп отқан жетістіктерін атап өтті. «Әлеуметтік жаңғырту-жаңа әлеуметтік саясат» бөлімінде білім беру,денсаулық сақтау,тілдерді дамыту,жұмыспен қамту салаларына тоқталып үкіметке осы салаларды жетілдіруге тапсырмалар берді.
А)Қызығушылығын ояту
«Сен білесің бе...?»
1 ... Читать дальше »
|
Ақтөбе қаласы
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.
Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Бал ... Читать дальше »
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, Қатынас,
Бөлемдер :Ойна да ойлан, Құрастыру,Тіл дамыту .
Тақырыбы : Сиқырлы жолдар.
Мақсаты: Балалардыңқарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын- қысқа заттарды, үлкен- кіші ,бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер , түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.
... Читать дальше »
|
«Менің елім - Қазақстан» атты мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы аудандық асфальтта сурет салу байқауы
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын, патриоттық сезімдерін ояту, тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Анамыздың тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ.
Алтай, Жайық арасы,
Жарты әлемдей даласы
Ол біздің Қазақстан!
Қайырлы күн қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүлдіршіндер!
Егеменді еліміздің Ата Заңы қабылданған күн мерекесі құтты болсын! Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп өркениетті елдер қатарына қосылды. Балалар, сендер болашақтың иесісіңдер.Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімі ешқашан бұзылмасын!
-Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша!
Кәнеки, осындай тамаша күні бәріміз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші...
Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдар ма?..
- Ендеше күнге сәлем берейік.
- Сәлем бердік, шуақ күн ( Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен тұрып созылу)
- Сәлем бердік , ашық аспан (Қолдарын жаяды)
- Сәлем б ... Читать дальше »
|
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев
атындағы №3 Явленка орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Тәңірбергенова Ләйлә Нұрғалиқызы
&nb ... Читать дальше »
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы «Достық» ауылы
«Достық» жалпы орта мектебінің
жанынан ашылған «Айгөлек»
шағын орталығы
Күні:25.10.2012 сағ:1100
Тақырыбы: «Алтын күз».
Көрнекіліктер:Күз көрінісі салынған плакат,еңбек жайында жазылған мақалдар, суреттер,жапырақтар,жемістер аркасы,асқабақ,қауын,жүгері,буклеттер.
Мақсаты:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Армысыздар ұстаздар!Армысыздар ата-аналар!Армысыңдар кішкене еліміздің болашақтары!Бүгінгі біздің «Алтын күз» атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Әрбір бала бақытты болуға лайық және әрбір ата-ана өз баласының бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға әбден лайықты.Әрине осы балаларды дарынды етіп шығару ұстаздардың міндеті болып табылады. Баршаңызға бүгінгі мерекемізде көтеріңкі көңіл күй тілейміз.Денсаулық,мол бақыт, отбасыларыңызға береке тілей оты ... Читать дальше »
|
|