Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 19 » Ұстаз деген – жарық күні ғаламның
21:16
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: 1.10.2015
Тәрбиеші:  Умбетова Л.
Тақырыбы: «Ұстаз деген – жарық күні ғаламның»
Мақсаты: Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру. Достық қарым-қатынас сезімдеріне, үлкеннің еңбегін бағалауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Оқуіс-әрекетініңкезеңдері    Педагогтіңіс-әрекеті    Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық    Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен, қалай амандасатынымызды көрсетейік.
«Ізгі сөздер»

Сонымен таңертең балабақшаға келгенде не деу керек екен? Күндіз кездескен адамдарға не дейміз? Кешке үйге қайтқанда қандай сөз айтқан дұрыс?    -Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін,
«Кеш жарық!» деп кіремін.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
    -Балалар, таңертең балабақшаға келгенде бірінші кімді көресіңдер?
-Тәрбиеші деген сендер үшін кім? (білім береді, үйретеді, ұстаз)
-Тағы кімдер жұмыс жасайды? (көмекші, әдіскер, меңгеруші, дәрігер, аспаз) – Жарайсыңдар, барлығы сендердің қамдарыңды ойлап, жағдай жасайды, еңбекті бағалау керек.
-Ұстаздарға арналған тақпақ кім біледі?

Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ-топ»

 


(Осы кезде сырттан дауыс естіледі)
-Балалар, мынау ненің дауысы?
-ол қандай құс екен?
(Қарлығаш келеді)
-Балалар, қарлығаштың көңіл-күйі жоқ, ол тобынан жылы жаққа ұшудан қалып қойған сияқты,бізден көмек сұрап келіпті, көмектесуге дайынбыз ба?
-Құстар қаймезгілде жылы жаққа кетеді? Не үшін кетеді?
-Көмектесу үшін біз күз мезгілі туралы бәрін білуіміз керек
Күз мезгіліне қатысты белгілерді  ілу
Күз туралы кім тақпақ біледі?

Күзден басқа қандай жыл мезгілдері бар?

 

 

 


Енді күзгі жапырақтармен ойын ойнайық
д/ойын: «Жапырақ құрастыр»
-Жарайсыңдар, балалар, қарлығаштың көңіл-күйі ккөтеріліп қалған сияқты, енді қарлығашты алыс сапарға шығарып салмас бұрын, жолда қарны ашып, шаршап қалмас үшін, оған жем берейік.
Шығармашылық жұмыс: ермексаздан жем жасау
-Балалар, құстар сендерге риза болған сияқты, ол енді алысқа ұшуға дайын.    -Тәрбиеші
-жауаптарын айтады
Камила:
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды – 
Тәрбиеші апайлар
Диас: 
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен – 
Тәрбиеші апайлар.

-әндетіп, қимылмен көрсетеді.
-құстың

 

-иә

 


-күз, себебі күн салқындап, тоңады.

Күзге қатысты суреттерді табады
Бауыржан:
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып ,
Құс кетті қайтып.
Сымбат:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Рахат:
Күзде жеміс піседі,
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ-топ түседі.

Рефлексиялық-түзетушілік

    -Балалар,сендер қандай игі іс істедіңдер? Осындай қамқор болуды кім үйретті? Үйде ата-аналарың болса, балабақшада екінші аналарыңдай болған ұстаздар үйретеді. 
-Балалар сендерге құстардың ризашылығын білдіргім келеді, әрқашан осындай қамқор, көңілді болып жүріңдер!(смайликтер тарату)    -ата-анамыз, ұстаздар
-рахмет!

Күтілетін нәтиже
Білді :  Балабақша қызметі, жыл құстары туралы
Игерді: Ермексазбен жұмыс жасау тәсілдерін
Меңгерді:  Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 316 | Добавил: Admin | Теги: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, балабақшадағы тәрбие сағаты | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]