Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Менің елім - Қазақстан
01:17
Менің елім - Қазақстан

«Менің елім - Қазақстан» атты мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы аудандық асфальтта сурет салу байқауы

Мақсаты:  Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын, патриоттық сезімдерін ояту, тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу.
Барысы: 
Анамыздың тілеуі ақ, 
Отан бізде біреу-ақ.
Алтай, Жайық арасы,
Жарты әлемдей даласы
Ол біздің Қазақстан!

    Қайырлы күн  қадірлі ата-аналар,  қонақтар, бүлдіршіндер!
    Егеменді еліміздің Ата Заңы қабылданған күн мерекесі құтты болсын! Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп өркениетті елдер қатарына қосылды. Балалар, сендер болашақтың иесісіңдер.Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімі ешқашан бұзылмасын!
-Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша! 
Кәнеки, осындай тамаша күні бәріміз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші...
Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдар ма?..
-    Ендеше күнге сәлем берейік.
-    Сәлем бердік, шуақ күн ( Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен тұрып созылу)
-    Сәлем бердік , ашық аспан (Қолдарын жаяды)
-    Сәлем бердік , Жер- Ана ( тіземен отырады)
-    Сәлем бердік , баршаңызға ( Иіліп сәлем беру)
Міне , күн де оянып, сендерге жылуын таратты. Жылу бүкіл денемізге  тарап бізді оятты. 
Балалар, бүгінгідей ерекше күні енді біз жұмысымызға кірісейік.
    Балалар, бүгін қандай мереке екенін білесіңдер ме? (Еліміздің Ата Заңының қабылданған күні)
    Осы мерекеге байланысты әр балабақша балалары сурет сайысына түсесіңдер. Сендердің салған суреттеріңді бағалап, әділ бағасын беретін аға-апайларымызбен танысып алайық.
Ахетова Айнамкүл Сәменқызы- қазылар алқасының төрайымы, 
Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері
Мүшелері:
1.    Шешебаева Салтанат Сейдағалиқызы – «Оқушылар сарайы» ММ дизайнер үйірме жетекшісі
2.    Нашанова Мира Бағындыққызы – Аудандық көркем сурет лицейінің сәндік қолданбалы өнер және дизайнері
3.    Бердакова Сая Мукаммедикызы - хатшы
-    Саламатсыздар ма, балалар! Мен көңілді музыкантпын. Балабақша балалары мерекеге байланысты сурет салғалы жатқанын естіп, мен де өз үлесімді қосуға келдім. Бірақ мен сендер сияқты сурет сала алмаймын. Сондықтан сендер сурет салғанда мен баянмен көңілді әндер ойнатып тұрайын. Жарай ма, балалар?
     Бүгінгі тақырыбымыз «Менің елім -Қазақстан». Түрлі түсті бордың көмегімен Отан, туған жеріміз, балабақша тақырыбында сурет саламыз. 
Суретті қорғау.
Қорытынды шығару.
            Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
    Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгінгі қазақ елінің негізгі Ата Заңы болып табылады. Болашақта Қазақ елі әлемдік өркениет төріне көтерілетіндігіне анық сенімдеміз. Лайым баршамыз сол қуанышты сәттің куәгері болайық!
            Марапаттау.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 1572 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]