Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Әлемдік діндер ислам, христиан, будда слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Әлемдік діндер ислам, христиан, будда слайд,презентация

 

Әлемдік діндер

 

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Мәдениет пен дін қатынасының әр түрлі мәселелерін А.В.Горький, А.В.Карташев, П.А.Флоренский сияқты тарихшылар мен философтар қарастырды.
Ағылшын этнографы Дж.Фрезер “Барлық мәдениет ғибадатханадан пайда болған, дін-мәдениет негізі” дейді.
Дін (религия) - (латынның сөзі religio - тазалық, қасиеттілік, құдайға сенгіштік) құдайдың бар екендігіне негізделген дүниетаным мен тәртіптер жүйесі.
Бірте-бірте адамдар арасында адамның жаны оның денесінен бөлек өмір сүреді деген сенім қалыптасты, оны анимизим деп атайды
Кейінірек феодалдық қоғамның нығаюы нәтижесінде аса ірі діни жүйелер-буддизм, христиан және ислам діндері қалыптасты.

Діннің ең алғашқы түрі- фетишизм (француз тілінен fetich- идол, тұмар). Ол жансыз дүниеге табыну нәтижесінде пайда болды. 
Діннің ең ежелгі түрі- анимизим (латын тілінен anima - жан)-жанның болатынына сендірсе, тонемизм - адамдар мен жануардың туыстығын дәлелдеуге тырысты.
Қоғамның одан әрі дамуы ұлттық- халықтық діндерді – политеизмді тудырды.                    Ұлттық- халықтық  діндердің қатарына иудаизмді, индуизмді, синтоизмді, конфуций ілімін жатқызуға болады.
Үндістанда Бихар штатында б.д.д VI-V ғасырда құл иеленушілік қатынастар үстемдігі негізінде пайда болды. Будда дінің алғашқы кезеңінде адамдардың ауыр тұрмысын, олардың әлеуметтік жағдайларына қарамастан, рухани теңдік жолымен түзетуге тырысушылық тән болған еді.
Алғашқы Солтүстік Үндістанда көптеген секталардың бірі болып қалыптасқан будда діні, кейін бүкіл Үндістанға, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияға кеңінен тарады. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (13.04.2016)
Просмотров: 1396 | Теги: презентация, христиан, Әлемдік діндер, Будда, аралас, ислам, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]