Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Мәдениет туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мәдениет туралы слайд,презентация

 

 

Мәдениет
            Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
            Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық
  Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді.
            Мектептегі оқу ісінің алдында 50 жж жаппай жеті  жылдық білім беру 60 жж сегіз жылдық, ал 70 жж, жаппай орта білім беру Республикамыздың барлық өңірлерінде мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер көбейді.
            1955-1956 жж жалпы білім беретін мектептердің 43%-і орыс тілінде жұмыс істеді, олар жалпы оқушылардың 66% қамтыды. 20 жыл ішінде қазақ (1950-1970) мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы саясат пен идеалогиядағы бұрмалаушылықтың көрінісі еді. Оңтүстік өмірдің 1962 ж ауыл мектептерінің жағдайы төмен болған. Мысалы: ауылдық 15 мектепте 5-8 сыныптар біріктіріліп оқытылса, 52  мектепте 9-10 сыныптардың оқушылары бірігіп дәріс алған. Өткен ғасырдың 70-80 жж еліміздің ауылды жерінде мектепке дейінгі мекемелердің өсімі қарқынды жүргізілгені байқалады.
            Қай заманда, қай қоғамда да елдің мемлекеттің  мерейі алдымен оның рухани байлығымен өлшенген.
            Оңтүстік Қазақстан облысында мұражай ісінің дамуы ХХ ғасыр бірінші ширегінде басталады. Аудан орталықтарында мұражайлар ашу 1970 ж кейін ғана қолына алына басталды.
            Елімізде 1950 ж соңында ғана ене бастаған теледидар, ауыл тұрғындары арасында кең таралуы 1970 ж басталды. Халыққа рухани азық беретін өнердің бір түрі – театр. Оңтүстік Қазақстан өңірінде кәсіби сахна өнерінің тууы, қалыптасуы және даму жолы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бастау алып одан кейінгі жылдар да Оңтүстік Қазақстанның басқа да аудандарында жаңа театрлар саны көбее түсті.
            Көптеген ауыл, қала жастарының 10 жылдық мектептерді, техникумдарды бітіріп жоғары дәрежелі білім алуы, Республикамызда ауыл халқының тұрмыс мәдениетін барлық жағынан бірдей көтеру үшін берік негіз салынды.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (07.03.2015)
Просмотров: 3175 | Теги: мәдениет слайд, презентация, Мәдениет туралы, мәдениет, аралас, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]