Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Физика

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы слайд,презентация

 

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

 

Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы жылу мөлшері деп аталады
Біз дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен – жылу алмасу және жұмыс жасау арқылы өзгертуге болатынын білеміз. Осының бірінші тәсілін жүзеге асыруды дененің ішкі энергиясы жасалған жұмысқа А, ал екіншісін жүзеге асырғанда берілген жылу мөлшеріне Q тең шамаларға өзгереді.
Егер шайнекті, оның ішіндегі су тек жылы болатындай етіп қыздырсақ, оны отта ұзақ ұстамаймыз. Керісінше ыстық су керек болса шайнекті көп уақыт қыздыру қажет. Шайнекті қыздырғышта ұзақ ұстасақ, оның алатын жылу мөлшері де көп. Сондықтан, қыздырғанда дененің температурасы көп өзгеретін болса, оған берілетін жылу мөлшері де артуы керек.
Қыздыру кезінде судың температурасы неғұрлым көбірек өзгерсін десек,  оған соғұрлым көбірек жылу мөлшерін беруіміз керек
Мысалы, дененің бастапқы температурасы tбас, ал соңғы температурасы tсоң болсын. Бұл кезде дененің температура өзгерісі былай өрнектеледі 
∆ t = tсоң– tбас.
Олай болса жылу мөлшері осы шамаға тәуелді: 
Q ∆t -ға тәуелді 
Тағы да, 2 кг суды қыздыруға 1 кг суды қыздыруға қарағанда көп уақыт кетеді. Яғни, көп жылу мөлшері жұмсалатыны бәрімізге белгілі. Бұл денені қызыдруға керекті жылу мөлшері оның массасына тәуелді болатынын білдіреді.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Физика | Добавил: Admin (22.04.2016)
Просмотров: 437 | Теги: Физика, презентация, Заттың меншікті жылу сыйымдылығы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]