Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Жүрек жылуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жүрек жылуы слайд,презентация

 

 

Сабақтың тақырыбы:
                          Жүрек  жылуы
Мақсаты:        «Қайырымдылық», «мейірімділік» 
                                 адамгершілік кұндылықтары туралы 
                                 түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері:  -  мейірімділік, кайырымдылық туралы  
                                 түсініктерін кеңейту;
                              - камқорлық жасауға жетелеу;
                              - мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі:   сұрақ –жауап,  топпен жұмыс.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, тауық пен балапандардың 
                                            суреті, дәптер, оқулық, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру сәті: 1) Оқушылардың назарын  сабаққа  
                                             аудару. 
                                             2) Психологиялық дайындық.   
                                             3) Өткенге шолу.
                                             4) Шаттық шеңбері. Сәлемдесу. 
Жан-жағына нұр шашып 
Арайлап жарқын таң атса, 
Жер бетінде жайқалып, 
Көгеріп өссе көк майса, 
Жүрегім жыли бастайды. 
Оралғанда сапардан            
Алдымнан жақын жан шықса, 
Кездескенде достарым 
Құшағын маған кең ашса, 
Жүрегім жыли бастайды.
Оқушылар  бір –біріне  жүрек  жылуын сыйлап, әр оқушы бір –біріне  мейірімді, қайырымды махаббатқа  жылы сезімге  толы екенін  жақсылықтың    бәрі жүректен  шығатынын  жеткізу. 
 
Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында  не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: кубик
Ойын    барысы:    тәуліктің    әртүрлі    бөліктері жөнінен    балалардың   білімдерін   бекіту   мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең,  түсте,    кешке    не  істейтіндерін   естеріне   түсіреді.
 Мұғалім тәуліктің әртүрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: мұғалім бір балаға кубикті беріп «Таңертең» десе, кубик алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін кубикті екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Шатасқан бала ойыннан шығып, кубикті келесі ойыншыға береді. Осылайша күндіз, кешке, түнде не істейтіндерін айтып, ойынды жалғастыра береді. Шатаспай дұрыс айтқан балалар жеңіске жетеді.

Өздеріңнің  жақын адамдарына өлең,  әңгіме құрап жазу. 
Мұғалім балаларға  орындау үшін  төмендегі үлгіде тапсырма береді. 
Жүрегінен  шыққан  мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, жан жылуы  кімдерге , нелерге арналатынын  бос торкөздерге жазу.

Жүректен  жүрекке.
Оқушылар сабақ  соңында өздерінің  жүрек түпкіріндегі  жылы  сезімдеріне  ризашылықтарын білдіреді.
       Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:                                 
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!     
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!      
- Менің жылы жүрегіме рахмет!                        
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі  жақсы көру сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!                 
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!  және т. б.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 7015 | Теги: презентация, Жүрек жылуы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]