|
загрузка...
Үшбұрыштың түрлері туралы слайд,презентация

Сабақтың тақырыбы:
Үшбұрыштың түрлері
Білімділігі: Үшбұрыштың түрлерімен танысу, үшбұрыштың анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, үшбұрыштар туралы ұғымын кеңейте түсу.
Дамытушылық: Өздігінен ой қорта білуге, шығармашылықпен жұмыс жасау білуге, үшбұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есеп шығара білуге дағдылану..
Тәрбиелік: Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенін пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушыларды житон беру арқылы топқа бөлу.
Оқушылар сол топтардың атын қорғайды.
90º - қа тең бұрыш тік бұрыш
деп аталады
β = 90º β – тік бұрыш.
Тік бұрышқа сыбайлас бұрыш
та тік бұрыш.
<BCD сыбайлас <ACD
CD- қабырғасы ортақ.
CA және CB қабырғалары –
AB түзінің толықтауыш
жарты түзулері.
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180° - қа тең.
Сүйір бұрышпен сыбайлас бұрыш доғал бұрыш, ал доғал бұрышпен сыбайлас бұрыш сүйір бұрыш.
<AOC мен <DOB вертикаль бұрыштар және
<AOD мен <COB вертикаль бұрыштар
екінші бұрыштың OD және OB қабырғалары
бірінші бұрыштың AO және CO қабырғаларының толықтауыш
жарты түзулері болып табылады.
Вертикаль бұрыштар тең болады.
<AOC = <DOB <AOD = <COB
Δ ABC тең қабырғалы үшбұрыш
AB = BC = AC
Үшбұрыштың қабырғалары ұзындықтарының қосындысы үшбұрыштың периметрі деп аталады.
P = AB + BC + CA
Δ EKD – тең бүйірлі үшбұрыш
EK= KD
EK және KD үшбұрыштың бүйір қабырғалары
ED – үшбұрыштың табаны. P = EK + KD + DE
Δ MFQ - қабырғалары әр түрлі үшбұрыш
MF ≠ FQ ≠ MQ
P =MF + FQ + QM
Бір бұрышы тік бұрыш болатын үшбұрыш
тік бұрышты үшбұрыш деп аталады
∆ABC – тік бұрышты үшбұрыш
AB және AC – катеттер BC - гипотенуза
< A = 90º
Бір бұрышы доғал үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.
∆ DEK - доғал бұрышты үшбұрыш
< D – доғал бұрыш. < D > 90º
Барлық бұрыштары сүйір болатын үшбұрыш
сүйір бұрышты үшбұрыш деп аталады.
∆ FNM – сүйір бұрышты үшбұрыш
Бір тонна мақта ауырма, бір тонна темір ауыр ма?
Үйдегі екі әкені және екі баланы Ұлы Жеңістің
мейрамымен құттықтау үшін қалампыр гүлінің 9- талын сатып алды. Оларды қалай тең бөлуге болады?
3. Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста. Неше жылдан кейін
шешесінің жасы қызының жасынан үш есе артық болады?
4. Үш мысық үш тышқанды жеуге 1,5 сағат уақыт жібереді .
10 мысық 20 тышқанды неше сағатта жейді?
5. Бөшкі бірінші шүмек арқылы 20 минутта ал екінші
шүмек арқылы 30 минутта толады. Екі шүмекті бірдей ашып қойып, бөшкені толтырса, қанша уақытта толады?
Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|