Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

Отбасы тарихы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Отбасы тарихы слайд,презентация

 

 

 

Теориялық бөлім: 
«Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті». Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев
Бүгін отбасы туралы ұғымды кім немесе не қалыптастырады?
 Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады. 
 Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді. 
 Үндістан балалары. Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады. 
 Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі. 
 Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады. 
 Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені. 
 Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата-анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі. 
 Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды. 
 Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (04.06.2014)
Просмотров: 1365 | Теги: презентация, Отбасы тарихы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]