Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Математика

ҰБТға дайындық слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

ҰБТға дайындық слайд,презентация

 

 

 Өз бетінше ойлау қабілеттерін арттыру, тез есептеу дағдыларын жетілдіру. 
 Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу. 
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
 Оқуға өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. 
 ҰБТ-ға  көзқарасын қалыптастыру 
 Қазіргі әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру білім тексерудің жоғары технологиялар қатарына жатқызады. 2004 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта, білім   беретін ұйымдарын бітірушілерінің тестілеу технологиясына енгізілді. 
2004 жылдан бастап енгізілген бұл қорытынды сынақ күні бүгінге дейін сынақ тапсырушылар мен түлектер дайындаушы оқу мекемелерін толғандырып келеді. 
   Мұғалімдер қауымы жетекшілік және консультативтік роль атқарады. Басқа пәнге қарағанда математика пәнінен тест тапсыру күрделі, себебі бұл жерде әрі теориялық, әрі практикалық біліктілікпен қоса шапшаңдық қажет. Тапсырманы орындаудың тиімді тәсілін меңгерген оқушы тез арада дұрыс жауабын таба алады. Сондықтан, математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындалудың теориялық, практикалық және психологиялық аспектілері көптеген талаптар қояды.
 11 сынып  пән мұғалімі ретінде оқушыларды бірыңғай тестілеуге  өздігімен дайындыққа бағыттауда    мынадай шаралар қолдандым. 1.  Ұлттық тестілеудің әр оқушының   жақсы    аттестат алуы мен жоғарғы оқу грантына      ие болуындағы  маңызы мен мәнін түсіндіру. 2. Оқушылардың өз біліміндегі бұрын-сонды жіберген    білім   олқылықтарын толықтыру және іздену    арқылы мүмкіндігінше өздігімен толықтыруға баулу. 3. Оқушыларға сыныптан тыс уақыттағы жеке және    топтық дайындық жұмыстарын ұйымдастыру,   сонымен қатар, мүмкін болса – жеке дайындыққа      баруын ата-ананын қамтамасыз етуі.     Пән мұғалімі керекті оқулықтармен көмектесіп және көмек сұрап алдына келген оқушынын бетін қайтармауы тиіс, сонда оқушы кез келген уақытта мұғалім көмекке дайын екенің сезінеді. Бірақ бұл жағдай оқушы өз бетімен дайындық жұмысын меңгергенше ғана жүруі тиіс, себебі үнемі мұғалім көмегіне иек арту кейіннен зиян келтіреді.
Осындай әрбір оқушының көрсеткіштерін   бақылау және сараптау жүргізіп отыру нәтижесінде әрбір оқушы өзінің жетістігін көзбен көріп отырады және өзінің кейбір есептер бойынша біліктілігінің көтерілгенін байқады. Бұл оқушының өз күшіне деген сенімін арттырып, қанаттандырады да, осыдан бастап, өз бетімен жұмыс істеу әрекеттерін саналы түрде ұйымдастырады, яғни ҰБТ –ға өз бетімен дайындалу мотивациясы пайда болады.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Математика | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 7502 | Теги: презентация, ҰБТға дайындық, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]