|
загрузка...
Абслоют қателік слайд,презентация
Білімділік: Оқушыларға сапалы терең білім
беру,ой-өрісін дамыта отырып, ақпараттық
құралдар арқылы жуық сандардың шығу
себептерін, жуық шаманың абсолют қателігін
табуды үйрету.
Тәрбиелік: Сабақ барысында өз ойын ашық айтуға, тапсырмаларды дұрыс орындауға, ұйымшыл болуға, өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін практикада пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру.
Санның мәнді цифрлары - санның ондық санақ жүйесінде жазылуындағы сол жағынан бастап орналасқан нөлден өзгеше цифрлары.
0,0587; 5,87; 0,0785 – 5;8;7.
Анықтама: Абсолют қателігі өзі жазылған разряд бірлігінен артық болмаған жағдайда жуық санның жазылуындағы цифрлар дұрыс цифрлар деп аталады. (0,01)
Мысалы: α=|3,375-3,38|=|-0,005|=0,005
Дұрыс цифрлар: 3,3,8
Егер абсолют қателік қандайда бір h санынан аспаса, яғни |A-a|≤h шарты орындалса, онда а саны h дәлдікпен алынған А санының жуық мәні деп аталады.
2-мысал: А=127,0374 санының h=0.01 дәлдікпен алынған жуық мәнін және абсолют қателігін табайық.
a=127,04 – жуық мәні
a=|127,0374-127,04|=|-0,0026|=0,0026 - абсолют қателігі.
Жауабы: 127,04; 0,0026.
Шарты: Оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, өзі қалаған парақшаны алады. Екінші бетіндегі тапсырманы орындайды.
Нәтиже: Оқушылар дайын болғаннан кейін түстері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.
Қызыл – өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін оқушы.
Жасыл - ақ көңіл, табиғатты сүйетін оқушы.
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт оқушы.
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін оқушы.

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|