Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әлеуметтану

Нарықтағы делдалдарды пайдалану қызметтілігі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Нарықтағы делдалдарды пайдалану қызметтілігі слайд,презентация

 

 

 

Делдалмен жұмыс 
Өзара әрекеттесу формуласы өте оңай: инвестор – брокер – қор нарығы. Бұл процесте әркімде өз тапсырмасы мен мақсаттары бар. Мысалы дербес инвестор мәмілесінің юридициялық және қағаз мәселелеріне араласпай уақытын үнемдейді. 
Барлық жұмысты оған делдал жасап береді. Инвесторға тек пайда түсіру үшін қандай құнды қағазды қашан сатып алғысы келетінін нақты біліп отырғаны керек. 
Делдал әрбір жүзеге асқан мәміледегі қызметі үшін ақысын алып отырады(комиссия). Сондықтан ол сіздің биржада жақсы сауда жасағаныңызға мұқтаж. Себебі сіздің саудыңыз көтерілген сайын делдалдың да ақысы жоғарлайды. 

Делдалдық шотты қалай ашуға болады? 
Делдалдық компанияға жеке куәлігіңізді және СТН әкеліп құнды қағаздар нарығындағы делдалдық қызметтерді пайдалануға келісімге отыру керек. Келісімге қол қойғаннан кейін инвесторға Орталық Депозитарииде шот ашылады. Онда инвестордың құнды қағаздары мен қаражаты тіркеледі. Орталық Депозитариидегі осы шотқа делдалдың клиентінің банктегі шотынан ақша жіберіледі. Кейін делдал акцияларды алып-сатуда осы ақшамен жұмыс жасай береді

Делдалдың мақсаты 
Делдалдық компанияның келісімшартқа отырғаннан кейінгі міндеттері: 
- инвестордан бұйрық алғаннан кейін фондтық биржадағы инвестордың құнды қағаздарын сатып алу және сату; 
- инвестордың шотына құнды қағаздардан түскен пайданы және лған тиесілі дивиденттерді аудару; 
- инвесторға құнды қағаздарды сатып алу мен сату жөнінде әрбір тапсырмасын орындағаны жайлы есеп беру; 
Делдалды қалай таңдау керек? 
Делдалды таңдауда ескерілуі тиісті жағдайларды тізбектесек: біріншіден, компанияның фондтық нарықта жұмыс жасауы үшін лицензиясы барлығын білу. Екіншіден,делдалдың биржалық алаңдардағы қызметі қандай екенін анықтап алу. Онымен осында танысуға болады. 
Үшіншіден, делдалдың тарифтік ұсыныстарын оқып білу. Кейбір компанияларда тарифтің құрамына барлық комиссиялар кіреді. Ал енді кейбірінде, саудалық жүйені қолданғаны үшін айлық төлемдер қосылмайды. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану | Добавил: Admin (12.04.2015)
Просмотров: 380 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]