Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Химия

Химиялық реактивтер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Химиялық реактивтер слайд,презентация

 

 

 Ерітінділер .Ерітінділерді дайындау технологиясы
       Ерітінділер дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын гомогенді жүйелер. Барлық ерітінділер еріткіш және еріген заттардан тұрады. Ерігенде өзінің агре-гаттық күйін өзгертпейтін компонентті еріткіш, ал өзгеретін компонентті еріген зат деп атайды.
Еріткіштің түріне байланысты ерітінділер сулы және сусыз болып келеді. Көптеген тұздардың, сілтілердің және қышқылдардың ерітінділері сулы болады. Сусыз ерітінділерге органикалық еріткіштерде еріген ерітінділер жатады. Органикалық еріткіштер: спирт, эфир, ацетон, бензол және т.б.
Ерітінділер дайындау барысында тек қана таза ерітінділер пайдаланылуы керек. Егер ерітінділерде суды қолданғанда тек қана дисстиллденген суды қолданылуы тиіс.
Алдымен дайындау алдында жасалынатын және сақтайтын ерітіндіні құятын керек ыдысты дайындау қажет. Ыдыс таза болуы керек. Егер күдіктенсеңіз ыдыстың ішін цере-зин, парафинмен немесе басқа химиялық заттар жағып, тікелей реакциядан қорғау қажет
 Концентрация дегеніміз – ерітіндінің белгілі масса немесе көлем бірлігіндегі еріген заттың мөлшері. Ерітінділер сұйытылған және концентрлі болып келеді. Сұйытылған ерітіндіде еріткіштің мөлшеріне қарағанда еріген заттың мөлшері өте аз. Ал концентрлі ерітіндіде еріткіш пен еріген заттың мөлшері шамалас болады. Мысалы, 0,5%, 0,1 Н, 0,05М ерітінділер сұйытылған, ал 40%, 6 Н және 10М ерітінділер концентрлі.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Химия | Добавил: Admin (17.03.2015)
Просмотров: 1503 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]