Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Химия

Қазақстандағы көмірсутекті кең орындары және оларды пайдалану слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстандағы көмірсутекті кең орындары және оларды пайдалану слайд,презентация

 

 

 

        Мұнайды ең алғаш рет ертеде шығыс халқы пайдаланған. Ең алғаш болып мұнайды кәдеге жаратқан Тигр мен Ефрат өзенінің бойын мекендеген шумария мемлекеті. Ал, 2800 – 3500 жыл бұрын Суза қаласының маңынан табылған көне құмыра ыдыстардан мұнай жұғындылары табылған, сол деректерге сүйенсек Иран халқы мұнайды сол кезде тауып, пайдаланған.

Мұнай көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық, қызыл –қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл –сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Суда ерімейді бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Өзіндік иісі бар.Судан жеңіл мұнай= (0.73-0.98)г/см3. Жерде тұнбалық қабатында орналасады. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Тас көмір- Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі.Қазақстанның ең ірі көмір базасы- Қарағанды көмір бассейні.Қарағанды көмір бассейнінің жалпы геологиялық қоры-60млрд тоннаға жуық.Негізгі кең орындары- Абай,Сарань, Шерубайнұра,Шахтинск, Михайловка.
Атырау өңірін алғаш зерттеген орыс ғалымы- Н.А.Северцов. Ол 1860 жылы “Горный” журналына қазіргі Доссор туралы есебін жариялаған.1899 жылы Атырауда алғашқы мұнай ұнғымасынан мұнай атқылады.Атырауда Теңіз, Мақат, т.б.: Ақтөбеде Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Қаратөбе, т.б.: ал Орал- Еділ аралығында Мартыши, Камышин: Оңтүстік Маңғыстауда Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат, Өзен, Теңге,т.б.: Қызылордада Құмкөл, Қумасай, Қызылқия, т.б кең орындары бар.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Химия | Добавил: Admin (05.03.2015)
Просмотров: 664 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]