Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Қытай Халық Республикасы туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қытай Халық Республикасы туралы слайд,презентация

 

 

 

Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى‎ — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: 中华人民共和国; дәст. қытайша: 中華人民共和國; пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан,Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан,Ресей, Тәжікстан және Вьетнам Социалистік Республикасы.

Экономикасы
Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.
Пекин халықаралық экономикалық қатынас практикасында ешқандай сипттары және өнегелері жоқ Қытайдың дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.
Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (10.04.2015)
Просмотров: 855 | Теги: презентация, Қытай, география, Қытай Халық Республикасы туралы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]