|
загрузка...
Семей ядролық полигоны слайд,презентация

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей
ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық
жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді.
Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер
асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, ,
Гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті
материалдар шығарылды.Тек Семей ядролық полигонының ғана емес,
соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды,
Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының
Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде
сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады.

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!
|