Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Экология

Метеорологиялық қауіпті құбылыстар және олардың сипаттамасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Метеорологиялық қауіпті құбылыстар және олардың сипаттамасы слайд,презентация

 

 

Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді
Нөсер жауын-шашын – будақ-жаңбырлы бұлттардан сұйық және қатты күйінде (қар, жылбысқы қар, қиыршық, бұршақ) жауатын, күшті екпіні аз ғана уақытқа созылатын жауын-шашын. Нөсер жауын-шашын жауа бастаған кезде қарқыны тез артып, бұлттылығы күрт тоқтап, күрт өзгеріп отырады. Жел күшейіп, ұйтқып соғады, көбінесе найзағай жарқылдайды. Суық (әсіресе циклонның соңында) немесе жергілікті (жазда құрлық үстінде) тұрақсыз ауа массаларында, суық шептің алдында, жазда құрлық үстінде және жылы шептермен байланысты байқалады. Ақ жаңбырға және сіркіреме жауын-шашынға қарама-қарсы қойылады.
Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.
Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.
Бұршақ - мөлшері 5-тен 55 мм-ге дейін және одан да ірі жұмырланған мұз түйіршіктерінен тұратын атмосфералық жауын-шашын. Қалың жаңбырлы будақ бұлттардан, әдетте, қатты найзағай кезінде енсіз (бірнеше км-лік), ұзын (жүздеген км-ге созылған) өңірде жауады. Бұршақ ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Будақ бұлттарда бүршақ түзілуін болдырмау үшін йодты күміс, қатты көмір қышқылын және кейбір гигроскопиялық реагенттерді ендіру арқылы дамуын реттеуге арналған жүмыстар.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin (23.03.2015)
Просмотров: 1950 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]