Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет

Толымбек Әбдірайым слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Толымбек Әбдірайым слайд,презентация

 

 

1955 жылы 12 қыркүйекте Семей облысының Аякөз қаласында туған. 
1972 жылы №2 қазақ орта мектебін (қазір Дулат Бабатайұлы атындағы) бітірген соң, Аякөз автомобиль жөндеу зауытында, Б.Майлин ауылдық кеңесінде, Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, Талғар аудандық «Алатау жұлдызы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, Көкшетау телерадио комитеттерінде еңбек еткен. «Қазақ әдебиеті» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген.
 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 
2006 жылдан бастап ҚР Мәденит және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астанадағы өкілетті өкілі.
Алғашқы әңгімелері мен очерктері 1970 жылдан бастап газетжурналдарда жарияланып келеді.
 1988 жылы «Елегізу» атты әңгімесі «Арман қанатында» жинағына енген. Бірнеше Құрмет грамотасымен, Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған.

Ерке шора. Әңгімелер, ертегілер, повесть. «Балауса», 1996
Мақтаншақ сары сағат. Ертегілер. «Фолиант», 2001
Ине мен жіп. Ертегілер «Фолиант», 2001
Әуелен үшқан тырналар. Әңгімелер және повесть. А., «Балауса», 2002
Дария шабыт. Деректі әңгімелер. «Елорда», 2003
Аю құлақ. Әңгімелер, ертегілер және повесть. А., «Арда», 2006
Меңді қыз. Әңгімелер мен драмалық хикаят. А., «РИИЦ АЗИЯ», 2006
Жалқаулыққа кім үйір? Ертегілер мен әңгімелер. А., «Баур», 2008.
2013 жылы ақпан айында балалар әдебиеті әлеміне тағы бір жинақ қосылды. Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайда балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым кітабының тұсауы кесілді. Жинақ «Алабұға аулаған күн» деп аталады. Шығарма желісі өгей шешеден жәбір көріп, балалық шағында дала кезген бала жайлы. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әдебиет | Добавил: Admin (12.06.2015)
Просмотров: 534 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]