| Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Әдебиет |
|
загрузка...
Армысың, әз Наурыз слайд,презентация
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан, шарлар. Түрі: Мерекелік сазды кеш Руза:- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен ұлыстың ұлы күні Наурыз тойы Құтты болсын! Қайрат: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ақтоты: Күн мен түн теңеліп жаңа жылдың бастауы болған әз Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Р:Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Қ:Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. А:Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі. Р:Ендеше құрметті халайық бүгінгі мерекелік кешіміздің шымылдығын ашатын мектебіміздің бишілерін қабыл алыңыздар Би Шашу Қайрат: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық, Билейік, жыр жырлайық, ән салайық. Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді, Арқаңды кеңге созшы, уа халайық. Қара жорға биі (5т сынып оқушылары)
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
|
|
|
| Просмотров: 3628 | | |
| Всего комментариев: 0 | |












