Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Дән өнімдері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дән өнімдері слайд,презентация


Жоспары

  1. Дән бөлімдері
  2. Дәнді дақылдардың құрылысы
  3. Астық тұқымдастар
  4. Ұн дайындау процесі
  5. Ұн сапасының гигиеналық көрсеткіштері
  6. Нанның тағамдық құндылығы

 

Эндосперм -дәннің негізгі және ішкі бөлігі, дәннің 84-85% салмағын құрайды, құрамында көмірсулар, белоктар, май мен минералдық заттектердің аздаған мөлшері бар;
Қабықтары- олар бірнеше қабаттан тұрады, дән салмағының 14% құрайды, құрамында минералдық заттектері, витаминдер бар;
Ұрығы- дәннің 1,5% құрайды, ол дәннің негізінде бүршік түрінде орналасқан, құрамында биологиялық заттектері белоктар, майлар, витаминдер, минералдық заттектер бар;
Астық дақылында крахмалмен, майлармен, минералдық заттектермен ерекше химиялық байланыста болатын және суды ұстап тұратын белоктар бар.Осындай комплексті желімтік деп атайды. Ұнның нан пісіру қасиеті желімтіктің сапасы мен мөлшеріне байланысты болады. Желімтіктің әсерінен қамыр серпімді болады, нанды пісіргенде ол жұмсағына кеуектілік береді.
Дәнді дақылдардың майлары биологиялық белсенді заттектерге жатады. Себебі оның құрамында көп қанықпаған май қышқылдары бар. Олар тез тотығады.Сондықтан майдың ашып кетуін болдырмау үшін ұн тартар алдында дәннің бүршігін алып тастайды.

Минералдық заттектерден- калий, фосфор, кальций, магний, темір кездеседі. Олар қабықтары мен бүршіктерде жиналған. Дәннің басқа бөлімдерінде аздаған мөлшері кездеседі. Дәннің қабықтары мен бүршігінде В тобының витаминдері көптеп кездеседі. 
       Дәнді өңдеу өнімдерінің біріне жармалар жатады. Халықтың тамақтануында қарақұмық, арпа, сұлы,тары, ұнтақ жармалары пайдаланылады. Ұнтақ жарма бидай дәнінің орталық бөлігінен жасалады.   
      Тарыдан ақталған тары және түйілген тары дайындалады. Күріштен сыртқы қабығы алынған ақталған және дәннің барлық қабығы ажыратылған- жылтырлатылған күріш алынады. Жармалардан тез дайындалатын, жаншылған дәндер дайындалады.
Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады .
Бидай өнімдері өнеркәсіпте де кең көлемде пайдаланылады. Мысалы, бидай дәнінен крахмал, спирт, май, клейковина алынады. Бидай сабанынан қағаз картон, өнер бұйымдарын және басқа да заттар жасалынады. Барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай санитарлық дақыл болып табылады.
Қазақстан Республикасында 1991-1995 жылдары орта есеппен жыл сайын 17,9 мил. т. астық өндірілді, оның 10,5 мил. Тоннасы немесе 59%-ға таяуы бидай болып табылады.
Жер шарында 220 мил/га көлемінде бидай егістігі өсіріледі. Мұны барынша кең көлемде АҚШ, Үнді, Канада, Туркия, Австралия, Аргентина, Франсия, Италия, Ресей, Украйна, Қазақстан елдері өсіреді.
Республикамызда көп уақытқа дейін бидайдан аз өнім алынып жүрді. Оның басты себебі, Қазақстанның ұлан - байтақ солтүстігінде осы жерлерге бейімделген бидайдын түрлері атымен болған жоқ. Мұнда, негізінен, батыстан қоныс аударғандар ала келген, сонан соң жаңа жердін қатаң табиғатында сұрыптаудан өткен әрі жергілікті бидайлармен будандасқан бидай популяциялары егілді. Бұлардың өнімділігі айтарлықтай болмағанымен, ішінде жетіп пісілу мезгілі жағынан және кейбір биологиялық әрі шаруашылық қасиеттерімен ерекшеліктерімен өте бағалы түрлері кездесті. Олар қазіргі кезде жаңа сортарды шығару мақсатында селекциялық жұмыстарға кеңінен қолданылып жүр .

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.01.2015)
Просмотров: 1677 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]