Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Қазақ тілі

Салалас құрмалас сөйлем туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Салалас құрмалас сөйлем туралы слайд,презентация

 

 

 

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық:Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке  тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.
ІҮ-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
(Мәтінде қанша сөйлем бар, жай сөйлем қанша, оның қай түрі, құрмалас сөйлем қанша, сөйлемдер салалас па, сабақтас па, әлде аралас па  ажыратады.
1 сөйлемге синтаксистік талдау.)
І-топ                                     
                      Қателіктің арты өкініш.
 
     Ғабит ауруханадан ұзақ уақыт емделіп, бүгін шыққан болатын.
Ол айналаның осындай әсем екендігін жаңа байқағандай. Әсем табиғат, сәулетті үйлер, өз шаруасымен жан-жаққа бара жатқан адамдарды жаңа көргендей таңдана қарады. Ол есірткінің әлегінен өмірден қаншалықты оқшау қалғанын, тіпті отбасынан, достарынан тым қашықтап кеткенін жаңа ғана түсініп, енді бәрі басқаша болатынына нық сеніммен, өз-өзіне уәде берді.
    Ол адамның болашағы өз қолында екенін, өмірде кездесетін қиындықты шешуге болтынын және кез келген жағдайда кінәні адам өзінен іздеу қажет екенін алғаш рет түсініп, өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізді.
ІІ-топ                                  
                                                                 Сұлулық.

      Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
     Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 535 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]